Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.09.2020

Қызметтер

Облыстық телернасында – білім беру саласы

На областном телеканале - вопросы сферы образованияОблыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев «Қазақстан – Атырау» облыстық телеарнасының «Өзекті мәселе» бағдарламасына қатысып, облыстағы жаңа оқу жылына дайындық барысы бойынша он-лайн сұхбат берді.

Жаңа оқу жылына дайындық бойынша Жұмысшы тобы құрылған және онда атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалып отырады.

Облыстың 196 (түзету мекемелері жанындағы - 2 мектеп) мектебінде 131 900 оқушы болады деп күтілуде.

2020-2021 оқу жылына қашықтан оқыту бойынша оқушылар мен мұғалімдердің интернетке қолжетімділігі, техникалық құрал-жабдықтармен (компьютер, ноутбук, планшет, смартфон, т.б.) қамтамасыз етілуі бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мәліметтерге сәйкес облыс бойынша үй жағдайында интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ 4355 мектеп оқушысы және 262 колледж студенті анықталды. 1800 отбасы үшін «Қазақтелеком» АҚ-ы қосу жұмыстарын жүргізуде. Одан бөлек ұялы операторлармен келісімдер жүргізіліп, жалпыға міндетті оқу қорынан қайтарымсыз негізде 3000 роутер сатып алынуда. Бірінші кезекте көп балалы отбасылар мен аз қамтылған жанұялар есепке алынады. Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметіне сәйкес, Атырау облысы бойынша интернет жылдамдығы төмен 47-мектептің 31-не жылдамдықты көтеру үшін нақты шаралары қарастырылуда.

Ал, оқушыларға қажетті компьютер жетіспеушілігін шешу мақсатында жаңа оқу жылы басталғанша 15 246 мектеп компьютерлері қайтарымды келісіммен таратылып берілуде.

Республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа 3000 компьютерлік техника алынуда. Конкурсты жеңіп алушылармен жұмыстар жүргізілуде.

Республикалық трансферт есебінен 18 510 компьютерлік техника (компьютер - 1 926, ноутбук - 14 088, планшет - 2 496) алынуда.

Мектептердің жаңа оқу жылына дайындық жоспарына сәйкес, 191 мектептің ағымдағы жөндеуі аяқталды. 5 мектеп күрделі жөндеуден өтуде (№3, 7, Бекмұхамбетов атындағы, кешкі - Атырау қаласы, №16 мектеп- Жылыой ауданы). мектептердің күрделі жөндеуі уақытында аяқталады.

Облыстың жалпы білім беретін 196 мектептің барлығы бейнебақылау камераларымен қамтылған.

Облыстың білім беру ұйымдарын жас мамандармен қамтамасыз ету мақсатында жоғары оқу орындарымен - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеттерімен бірігіп жұмыстар жасалды. Соның нәтижесінде жаңа оқу жылында облысқа 101 жас маман келді. бастауыш сыныптар мұғалім қажеттілігі - 74. Оның 20-ы биыл келетін жас мамандар.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 20 маман келді.

Елімізде қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» Заңға сәйкес ұстаздардың әлеуметтік жағдайына Атырау облысы да ден қоюда. Жалақы, тұрғын үй және жас мамандарды жұмысқа тарту үшін арнайы жоспарға сай жұмыс атқарудамыз. Сондай-ақ педагог мамандықтарға облыс әкімдігінен бөлінетін грант саны ұлғайтылды.

Облыс педагогтары жаңа оқу жылына дайын. 82 курс ұйымдастырылып, онымен мұғалімдер толық қамтылды.

Жергілікті жерде кадр тапшылығын шешу мақсатында облысымызда 2017 жылдан бері жергілікті бюджеттен облыс әкімінің білім беру гранты бөлініп келеді.

Бұл білім беру гранты жергілікті жердегі жетіспейтін мамандықтарға, оның ішіндегі мұғалім, дәрігер, ауыл шаруашылығы мамандықтарына бөлінеді.

Облыс әкімдігі жанынан білім беру грантын беру жөніндегі комиссия құрылған. Облыс әкімінің грантына құжат қабылдау жыл сайын республикалық грант қорытындысы шыққанан кейін өткізіледі. Құжат қабылдау аяқталғаннан кейін комиссия отырысы өткізіледі. Бұл жерде еңі бірінші ҰБТ, КТ балы есепке алынады. ҰБТ, КТ балы бірдей болған жағдайда төмендегі санаттағы түлектерге басымдық беріледі.

2019-2020 оқу жылында басқармалардың сұранысына орай 178 грант бөлінсе, 2020-2021 оқу жылында 116 грант бөлінді.

Облыс мектептерінің барлығында жаңа оқу жылына дайындығы жүріп жатыр. Бүгінгі күні мектептердегі бар оқулықтар мен компьютерлер оқушыларға таратылуда.

Кезекші сыныптар ашылатын 170 мектеп пен штаттық режимде оқитын 14 мектеп оқушыларды қабылдауға алгоритмге сәйкес дайындық жұмыстарын жүргізуде. Залалсыздандыру жабдықтары, қорғаныш құралдарымен қамтылуда.

Жаңа оқу жылында 13 032 оқушы 1 сыныпқа келеді деп жоспарлап отырмыз. жалпы облыс бойынша 1 сыныптар саны - 528. Оның ішінде, ата-аналардың өтініштері бойынша 170 мектепте 330 кезекші сыныптар 8256 баламен ашылатын болады. Бұл сыныптардың балалары да ата-ана өтініші бойынша кезекші сыныптарда және қашықтан оқытылады.

Қашықтан оқытудың тиімді жағы біріншіден, балалар өз бетімен дербес әрекет етуге үйренді; екіншіден, ақпараттық желілермен, білім беру ресурстарымен жұмыс жасау әдістерін меңгерді; үшіншіден, балалардың жауапкершілігі артты, уақытты ұтымды пайдалану дағдысы қалыптаса бастады.

Туындайтын мәселелер баршылық: балалардың үй жағдайындағы күн тәртібін реттеуде, ата-аналардың жұмыста болуына байланысты балалардың, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының бақылаудан тыс қалуы, уақытында желіге қосыла алмай қалу, т.б. Бұл ретте балалармен мектеп психологтары, сынып жетекшілері тығыз байланыста болуы тиіс.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

На областном телеканале - вопросы сферы образования На областном телеканале - вопросы сферы образования На областном телеканале - вопросы сферы образования

Мақаланың шыққан күні: 24.08.2020 10:53

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.08.2020 10:53

Қаралым саны: 109