Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.06.2020

Қызметтер

Қайыршақты ауылдық округі әкімі аппаратының 2019 жылдың II жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлықтың ішкі талдауының нәтижелері бойынша Талдау анықтамасы

Қайыршақты ауылдық округі әкімі аппараты (бұдан әрі - Аппарат) Сыбайлас жемқорлық қатерінің ішкі талдауын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 Бұйрығы мен Қайыршақты ауылдық округі әкімінің 2019 жылдың 13 желтоқсанындағы №76ө өкімінде көрсетілген нормаларына сәйкес 2019 жылдың 18-20 желтоқсаны аралығында өткізді.

Аппарат өз қызметінде басшылық ететін заңдарды, нормативтік-құқықтық актілерді зерделеді. Аппаратқа қатысты және нормативтік-құқықтық актілермен байланысты негізгі функциялары талқыланды (2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2007 жылғы 12 шілдедегі №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2002 жылдың 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2015 жылдың 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Қазақстан Республикасының Жер Кодексі, 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі). Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға әрекет ететін дискретті уәкілетті және нормалар анықталған жоқ.

2019 жылдың I жартыжылдығында Аппараттың ұйымдастырушылық-басқару қызметін сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау кезінде келесі бағыттар талқыланды:

-персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысулары:

Аппараттың штаттық саны 2019 жылғы І жартыжылдығының қорытындысы бойынша 9 бірлікті құрады. Бұқаралық ақпарат құралдарында аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар анықталған жоқ.

-мүдделі қақтығыстарды реттеу:

Мүдделер қақтығысын реттейтін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51 бабының және Аппараттың кейбір қызметшілерінің қосымша жұмыс атқару ерекшеліктерін реттейтін Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 111 баптарының талаптары бойынша жұмыстың сәйкестігі тексеріліп, аталған мәселе бойынша құқық бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.

«Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша аппарат қызметкерлерінің басшымен мүдделер шиеленісі, теріс түсінік деректері анықталған жоқ, аппарат қызметкерлері орнықты жұмыс істеуде, кадрлардың тұрақтамауы жоқ, сондай-ақ бақылау шараларын іске асыру мақсатында қызметшілер және олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларды уақытында тапсырған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдырды бұзушылықтар анықталған жоқ.

-мемлекеттік қызмет көрсету:

-мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілетін «жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» бойынша 14 мемлекеттік қызмет; «жер учаскесін жеке меншікке бөліп төлеуге сату» бойынша 2 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартқа сай жүргізіліп отыр.

-рұқсат етілген функцияларды және бақылау функцияларын жүзеге асыру:

2019 жылдың І жартыжылдығы қорытындысы бойынша Қайыршақты ауылдық округінен 91 адамға әскер қатарына шақырту қағазы таратылып, соның ішінен 18 азамат әскер қатарына алынды.

-аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі өзге де мәселелер.

Ауылдық округ әкіміне 2019 жылдың I жартыжылдығы бойынша жеке тұлғалардан – 322 өтініш, ал заңды тұлғалардан – 2 өтініш келіп түскен. ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес келіп түскен өтініштер қаралып, өз уақытында өтініш иелеріне жауаптар берілді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және олардың орындалысы бойынша ақпарат ай сайын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына және қалалық әкімдікке ақпараттық есеп жолданып отыр.

Ауылдық округке бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

Ауылдық округ әкімдігі сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында әлеуметтік желіге және тұрғындар көп шоғырланатын жерлерге стендтер мен жадынамалар орналастырылып, кеңінен насихатталды.

Жоғарыда мазмұндалған негізде жұмыс тобы Аппарат қызметінде сыбайлас жемқорлық қатерінің жоқ екендігі туралы шешімге келді.

 

Жұмыс тобының құрамы: Р.Нысанова

С.Орынғалиева

Г.Өтеғалиева

Келісілді: А.Жайбусинов


Мақаланың шыққан күні: 16.01.2020 17:29

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2020 17:29

Қаралым саны: 147