Array Мұражайлар | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.03.2017

Қызметтер

Мұражайлар

«Хан Ордалы Сарайшық» мұражай қорығы

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы. Тарихшы ғалымдар оның пайда болуын ХІІІ ғасырда, яғни Шыңғыс хан мен Батудың жасаған шапқыншылығымен байланыстырады. Әзірге белгілі болған деректерге сүйенсек, бұл орын туралы жазба мәліметтер ХІУ ғасырдың алғашқы жартысынан басталады да, оларда Сарайшық гүлденген қолөнері мен сауда қаласы болғандығы айтылады.

Сарайшық туралы алғашқы жазба дерек қалдырған арабтың белгілі географ-ғалымы, саяхатшысы Ибн-Батута. Ол өзінің саяхаттарының бірінде, 1334 жылы «Үлкен Сарай» қаласынан шығып, Азияға жасаған сапарында Сарайшық қаласында болған. Бұл жөнінде ол: «Біз Сарайшық қаласынан ат жеккен арбамен он күн  жол жүріп, Сарайжук қаласына жеттік. Бұл Ұлысу деп аталатын үлкен, терең, ағысы қатты өзеннің жағасындағы гүлденген әсем қала екен және дүние жүзіндегі Бағдаттан кейінгі екінші жүзбелі көпір осында екен» деп жазған. Сарай-жук –монғолша кіші Сарай  деген мағнаны білдіреді.

Ол кезде Алтын Орда үлкен Сарай, Сарайшықты кіші Сарай  деп атаған. Осыған байланысты қаланың атының да Сарайшық аталуы (қала-қалашық, сарай-сарайшық, кішкентай деген мағынада). Сарайшық қаласы Қасым ханның кезінде Қазақ Хандығының  тұңғыш астанасы  болған. Қала 1580 жылы орыс патшасы Иван Грозныйдың әдейі жіберген казактардың қолынан қиратылған.

Көп жылғы ғалымдардың зерттеулері, қала орнына жүргізілген қазба қорытындылары, әсіресе 1996-2000 жылдары Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясының Сарайшық қаласының орнына жүргізген зерттеулеріне сүйене. Көп жылдардан жинақталған жәдігерлерді  толықтырып, 1999 жылы 3 қыркүйекте Көне Сарайшық қаласының тарихын, жалпы ХІ-ХУІІ ғасырдағы қазақ халқының тарихына арналған «Хан Ордалы Сарайшық» мұражай қорығы ашылды. Музей Атырау қаласынан 50 км қашықтықта, Махамбет ауданында орналасқан.

Хандар Пантеоны. Авторы сол кездегі облыс әкімі Иманғали Тасмағамбетов. Биіктігі 17 метр, 8 қабырғалы. Қабырғалар арасына Сарайшықта жерленген жеті ханға арнап құлпытастар қойылған. Бұл құлпытастарға қара мраморға жазылған хандардың аттары мен хандық құрған мезгілдері жазылған.

Бұл хандар:

1. Мөңке-Темір (1266-1282 жж)

2. Тоқтағу (Тоқты) (1291-1312 жж)

3. Жәнібек (1343-1353 жж)

4. Әмір – Оқас (1440-1447 жж)

5. Қасым хан (1511-1518 жж)

6. Ших Мамай (1542-1549 жж)

7. Жүсіп (1549-1554 жж).

Мұражай. Мұражай ішіне Сарайшық қазбасынан шыққан тарихи жәдігерлер қойылған, ХІУ ғасырдағы Сарайшық қаласының макеті жасақталған. Мұражайдың естелік кітабынан осында әр мезгілде болған қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, өнер шеберлерінің шет елдік қонақтар мен көрермендердің ой-пікір, тілектерін оқуға болады.

 

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі Қазақ ССР Жоғары Кеңесі Ұйымдастыру Комитетінің  1939 жылғы 22 шілдедегі №23 қаулысымен мектеп музейі негізінде құрылып, 1940 жылы 5-қарашада ресми түрде ашылды. Музей қорында өлке тарихы, табиғаты, өнері мен мәдениетін көрсететін 50 мыңға жуық тарихи құнды жәдігерлер жинақталған.

Тылсым дәуір. Сарматтар біздің дәуірімізге дейінгі ІІІғ-б.д.ІҮ ғасыр аралығында өмір сүріп, көшпелі мал шаруашылығымен, аздаған бөлігі отырықшылықта егіншілікпен  шұғылданған тайпа. 1999 жылы Атырау облысының Жылыой ауданының терістік – шығыс бетінде орналасқан Аралтөбе қорымына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде , өмір сүру кезеңі осыдан екі мың жыл бұрынғы сарматтар дәуіріне  жататын алтын киімді адам мүрдесі табылды. Бұл зираттан шыны моншақтар, жебе ұштары, қанжар сынықтары, бүйірлі қыш құмыра, асатаяқ табылды.

Қайта қалпына келтірілген Сармат көсемінің алтын киімді мүсіні 2000 жылы экспозициядан орын алып, музейдің құнды жәдігерлерінің біріне айналды.

«Ғасырлар үндестігі». Ғасырлар үндестігі залында қазақ халқының ұланғасыр бойы кең алқапты мекендеген халық болып қалыптасуына үлес қосқан арийлер, сақтар, ғұн тайпаларының, сондай-ақ қазақ жеріндегі алғашқы мемлекеттердің (түрік, түркеш, қарлық, оғыз, қыпшақ, қарақан) тарихы баяндалады. Сол дәуірдегі жартастарға салынған суреттер араб, орхон-эенисей жазуларының үлгісі көрсетілген. Қазақ сахарасында сәулет өнерінің әсем безендірілген түрі тасқа қашап, ою-өрнек, қару-жарақ, ру таңбалары суретін салып, бабалар басына қойылған арқар тас, қошқар тас, құлпы тас сияқты белгілер осы залда көрсетілген.

Археология залы. Археология залында ХІІ-ХІҮ ғасырлардағы Сарайшық, Ақтөбе-Лаэти мекенінен табылған тарихи жәдігерлер, теңгелер, құмыралар, моншақтар, керамикалық ыдыстар жайлы баяндалған.

Этнография залы. Этнография залындағы жәдігерлер қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс болмысы, материалдық және рухани мәдениетінен сыр шертеді. Мұндағы қолөнер туындылары, зергерлік әшекей бұйымдары, ұлттық киімдер, өрнек тоқу өнерінің үлгілерінен көрерменге мол мәлімет береді

 

Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет
және қолданбалы-сәндік өнер музейі

Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі Атырау облыстық халық ағарту комитеті депутаттар қенесі №308 шешімінің негізінде 1990 жылы 15 қарашада ұйымдастырылды.

Музей 1992 жылдың 2 сәуірінін бастап ашылып Атыраулықтар мен қала қонақтарына қызмет көрсетіп келеді.

Экспозицияның негізін Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігінің суретшілер көрмесінің дирекциясы ұсынған туындылар құрайды.

1999 жылы облыс әкімшілігі Қазақстан Республикасының мүнай өнерқәсібінің 100-жылдығына орай «Қазахойл» (ҚазМұнайГаз) ұлттық мұнай газ компаниясының қаражатына музейдің жаңа ғимараты жонделген.

Музейдің жалпы аумағы: 991,9 м2      

Көрермен негізгі әсем безендірілген 8 экспозиция бөлімдерімен танысады:

1.    Орталық бөлім (1950-1970 ж.ж. аралығы)

2.    Көне Маңғыстау өнері

3.    Көне дәуір болімі

4.    Қазіргі кезең бейнелей өнері

5.    Графика

6.    Графика

7.    Қолданбалы –сәндік өнер

8.    Ш.Сариев-кескіндемесі

Қордың алғашқы құрамы-1211 жұмыс. Соңғы жылдары музей коллекциясы жергілікті және республикалық суретшілердің еңбектерімен толықтырылды.

Қазір музей қорында 1294-жәдігерлер жинақталған. (кескіндеме, графика, қолданбалы-сәндік өнер бұйымдары).

Солардың ішінде Қазақстанға белгілі график суретшілер Ә.Қастеев, К.К.Ходжиков, Ү.Әжиев, В.И.Антощенко-Оленев, Э.И.Бабад, К.Я.Баранов, Е.Бесембинова, А.С.Бесембинов, Н.Гаев, А.А.Гурьев, Т.И.Говорова, А.А.Дячкин, И.Н.Исабаев, А.Исамаилова, И.Е.Квачко, М.Кисамединов, С.В.Кукуруза, Т.Мұқат, Б.П.Пак, Е.М.Сидоркин, И.Я.Стадничук, В.В.Тимофеев, Ш.Сариев және тағы басқалары; ҚР кескіндеме майталмандары-С.А.Мамбетов, Т.М.Исмаилов, С.Романов, Ж.Шарденов, Л.Леонтьев, Н.Нұрмұхамедов, М.Қалимов, М.С.Кенбаев, А.Сыдыханов, жергілікті суретшілер-Қ.Доснязов, Ж.Аралбаев, А.Айтмағамбетов, Қ.Аманов, Ә.Жантасов, Р.Слекенов, С.Қарибаев, Э.Жумабаева және басқалары; қолданбалы-сәндік өнер туындылары іскер шеберлер С.Бапанова мен А.Бапанов, Л.Калимова, К.Айткалиев, А.Назарқұлов т.б.

            Музей жұмысы қорды сақтау мен ғана шектелмей қорды жәдігерлермен толықтыруда, үнемі облыстық, республикалық қөрмелер, музейден тыс жылжымалы көрмелерде ұйымдастырылады.

Көрермендерді әсемдікке баулу  бағытында да жұмыстар жүргізіледі. Музей жанынан дарынды балаларға арнайы бейнелеу өнер студиясы жұмыс істейді. Қала мектептерінің 25 тен астам оқушылары осы бейнелеу өнер студиясында өздерінің бейнелеу өнер барысындағы оқу дағдыларын мыңдап жалғастырады. Оқуға барлық жағдай жасалынған. Дәрісті қәсіпқой ұстаз-суретшлер береді.

Облыстағы белгілі суретшілер мен көрмелер, конкурс-байқаулар, кездесулер өткізіліп тұрады.

Музей әкімшілігі ағарту, ғылыми-практикалық қызметке көп көңіл бөліп, алдағы уақытта Қазақстан суретшілерімен біріге құнды, қызықты көрмелер өткізуге жұмыстанады.


Мақаланың шыққан күні:: 23.06.2016 13:05
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 17.01.2017 17:26