Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.07.2020

Қызметтер

Аудандық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарының нәтижелері

1. Кадрлар ауысуы бөлімде тіркелген жоқ.

2. Мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді.

1) Ветеринариялық анықтама беру. АШМ 06.05.2015 жылғы №7-1/418 бұйрығы мен облыс әкімінің 08.10.2014 жылғы №307 қаулысына сәйкес, 2017 жылдың 9 айында-1910 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 2)Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау обьектілеріне ветеринариялық қортынды беру, АШМ 06.05.2015 жылғы №7-1/418 бұйрығы. 2017 жылдың 9 айында -3 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

3) Ауылшаруашылығы жануарларына ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіруді жүргізу. АШМ 06.05.2015 жылғы №7-1/418 бұйрығы мен облыс әкімінің 08.10.2015 жылғы №307 қаулысына сәйкес, 2017 жылдың 9 айында -664 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

4) Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке заңды тұлғаларды аттестаттау. АШМ 13.03.2015 жылғы №7-1/221 бұйрығы. 2017 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардан өтініш түспегендіктен, бұл қызмет түрі көрсетілген жоқ.

3. Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың тексеруі тіркелген жоқ.

4. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға –Дендер үн қағазына 9 айда 2 мәрте мақала жарияланды.

5.Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштер саны-3

6.Индер ауданының прокуратурасымен бөлімнің қызметінде 2015-2016 жылдары ҚР «Ветеринария туралы» заңының сақталуына тексеру жүргізу барысында заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс берілді. Ұсыныстар назарға алынып, Кемшіліктер жойылды.

Жоғарыда айтылғандай, бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жоспарға сәйкес, жүргізіліп жатырғандығын хабарлайды

 


Мақаланың шыққан күні: 05.10.2017 02:53

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.10.2017 02:53

Қаралым саны: 1175