Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.11.2017

Қызметтер

Жұмыскер ауылдық округі әкімі аппаратының 2016 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлықтың ішкі талдауының нәтижелері бойынша Талдау анықтамасы

Жұмыскер ауылдық округі әкімі аппараты (бұдан әрі - Аппарат) Сыбайлас жемқорлық қатерінің ішкі талдауын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2016 жылдың 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 Бұйрығы мен Жұмыскер ауылдық округі әкімінің 2017 жылдың 6 қаңтарындағы №7ө Өкімінде көрсетілген нормаларына сәйкес 2016 жылдың 1 шілде - 31 желтоқсан аралығында өткізді.

Аппарат өз қызметінде басшылық ететін заңдарды, нормативтік-құқықтық актілерді, құқықтық актілерді зерделеді, Аппаратқа қатысты және нормативтік-құқықтық актілермен байланысты негізгі функциялары талқыланды (2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2007 жылғы 12 шілдедегі №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2002 жылдың 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2015 жылдың 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Қазақстан Республикасының Жер Кодексі, 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі). Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға әрекет ететін дискретті нормалар анықталған жоқ.

2016 жылдың ІІ жартыжылдығында Аппараттың ұйымдастырушылық-басқару қызметін сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау кезінде келесі талқыланған бағыттар:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысулары:

Аппараттың штаттық саны 2016 жылғы ІІ жартыжылдығының қорытындысы бойынша 12 бірлікті құрады. Бір бос орын болды.

Бос лауазымдарға жалпы конкурс өткізілді. Ішкі конкурс болған жоқ. Кадрлардың ауысулары орын алмады.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар анықталған жоқ.

 

2) мемлекеттік қызмет көрсету:

ІІ жартыжылдықтың басы аралығында қалалық жер қатынастары бөлімі тарапынан хат келіп, онда аталған бөлімді мемлекеттік құзырлы органның тексеруі қорытындысы бойынша округтер аумағынан жер телімдеріне құқық беру шешімдерін (бұдан әрі - Шешімдер) әр округтің әкімдіктері өздері дайындайды деп көрсетілген. Аппарат өз тарапынан Қазақстан

Республикасының Жер Кодексі нормаларына сәйкес Шешімдерді жер қатынастары бөлімі дайындайтындығын айтып, жауап жолданды. Атырау қалалық прокуратурасы шешімдерді аталған бөлім дайындайтынын тұжырымдап, алдағы уақытта ұқсас бұзушылықтарды болдырмау мақсатында барлық мемлекеттік органдардың назарларына жеткізді.

II жартыжылдықтың (сәуір, мамыр,маусым, шілде) 4 ай бойы ауылдық округте ит ату мәселері дау болды. Қалалық ветеренария итті атудан бас тартып, округ өздеріне қарасты қаңғыбас ит, мысықтарды өзі атады деп бірнеше рет хат жіберген болатын. Алайда ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің бұйрығында көрсетілгендей қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады деп көрсетілгені жөнінде хат жолданды. Содан соң қаңғыбас ит, мысықтардың мәслелесі қала әкімшілігімен шешімін тапты.

ІІ жартыжылдықтың аяғында Аппаратта қалалық әкімшілік қызметкерлері мекемедегі көрсетілген мемлекеттік қызметтер есебінің деректеріне тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде заң нормаларын өрескел бұзушылық фактілері тіркелген жоқ. Алайда, тұрғындарға мал басы барын растайтын анықтама стандартқа сәйкес берілуі ескертілді.

3) рұқсат етілген және бақылау функцияларын жүзеге асыру:

2016 жылдың ІІ жартыжылдығы қорытындысы бойынша Жұмыскер ауыдық округінен 109 адамға әскер қатарына шақырту қағазы таратылды. Оны елемеген 14 адам округтің бас маманы мен жауапты полиция инспекторына шақыру қағазын кері алып, олармен Қазақстан Республикасының заңдарындағы нормаларына сәйкес қызметтер жүргізілді.


Мақаланың шыққан күні:: 30.01.2017 11:33
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 30.01.2017 11:33