Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
19.09.2017

Қызметтер

Жұмыскер ауылдық округі әкімі аппаратының 2017 жылдың І жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлықтың ішкі талдауының нәтижелері бойынша талдау анықтамасы

Жұмыскер ауылдық округі әкімі аппараты (бұдан әрі - Аппарат) Сыбайлас жемқорлық қатерінің ішкі талдауын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2016 жылдың 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 Бұйрығы мен Жұмыскер ауылдық округі әкімінің 2017 жылдың 6 қаңтарындағы №7ө өкімінде көрсетілген нормаларына сәйкес 2017 жылдың 1 қаңтар - 30 маусым аралығында өткізді.

Аппарат өз қызметінде басшылық ететін заңдарды, нормативтік-құқықтық актілерді, құқықтық актілерді зерделеді, Аппаратқа қатысты және нормативтік-құқықтық актілермен байланысты негізгі функциялары талқыланды (2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2007 жылғы 12 шілдедегі №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2002 жылдың 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2015 жылдың 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Қазақстан Республикасының Жер Кодексі, 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі). Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға әрекет ететін дискретті нормалар анықталған жоқ.

2017 жылдың І жартыжылдығында Аппараттың ұйымдастырушылық-басқару қызметін сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау кезінде келесі талқыланған бағыттар:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысулары:

Аппараттың штаттық саны 2017 жылғы I жартыжылдығының қорытындысы бойынша 12 бірлікті құрады. Ішкі конкурс болған жоқ. Кадрлардың ауысулары орын алмады.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар анықталған жоқ.

2) мемлекеттік қызмет көрсету:

-ауылдық округ әкімі аппаратына ішкі талдау жүргізу кезеңінде жеке тұлғалардан-111 түсіп, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы №221 Заңына сай барлық арыздар уақытылы қаралып, жауабы кешіктірілмей арыз иелеріне жазбаша хабарланған. Ішкі талдау жүргізілу мерзімінде шешімін таппаған, қаралмаған немесе мерзімі өткен фактілер болған жоқ.

3) рұқсат етілген және бақылау функцияларын жүзеге асыру:

2017 жылдың І жартыжылдығы қорытындысы бойынша Жұмыскер ауылдық округінен 82 адамға әскер қатарына шақырту қағазы таратылды. Оны елемеген 1 адам округтің бас маманы мен жауапты полиция инспекторына шақыру қағазын кері алып, олармен Қазақстан Республикасының заңдарындағы нормаларына сәйкес қызметтер жүргізілді.

Жұмыскер ауылдық округі әкімі аппаратының 2017 жылдың І жартыжылдығына жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысы

 

І.Кіріспе

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

«Жұмыскер ауылдық округі әкімі аппараты» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Жұмыскер ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, Атырау қаласы, Жұмыскер ауылдық округі, Жұмыскер ауылы, телефондар: 23-12-20, email:akimat.zhymusker@mail.ru.

3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі:

Басталды – 05.01.2017 ж., аяқталды – 20.06.2017 ж.

4.Бақыланатын кезең:

2017 жылдың І жартыжылдық қызметіне.

 

ІІ.Ақпараттық-талдамалық бөлім

Ауылдық округі әкімі аппаратының «Сенім телефоны» туралы «Атырау» газетіне хабарламасы жарияланды.

 

ІІІ.Қорытынды

Жұмыскер ауылдық округі әкімі аппаратында 2017 жылдың І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.


Мақаланың шыққан күні:: 28.06.2017 07:38
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 28.06.2017 07:38