Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.06.2020

Қызметтер

Жұмыскер ауылдық округі әкімі аппаратының 2017 жылдың ІI жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлықтың ішкі талдауының нәтижелері бойынша Талдау анықтамасы

Жұмыскер ауылдық округі әкімі аппараты (бұдан әрі - Аппарат) Сыбайлас жемқорлық қатерінің ішкі талдауын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2016 жылдың 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 Бұйрығы мен Жұмыскер ауылдық округі әкімінің 2017 жылдың 6 қаңтарындағы №7 өкімінде көрсетілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды округ әкімі аппараты жанынан құрылған жұмыс тобы жүргізді. Құрамы:

Г.Бекболатова – жұмыс тобының төрайымы, ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы;

Л.Тлепбергенова – жұмыс тобының мүшесі, ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы;

М.Телеубаева – жұмыс тобының мүшесі, ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы.

Аппарат өз қызметінде басшылық ететін заңдарды, нормативтік-құқықтық актілерді, құқықтық актілерді зерделеді, Аппаратқа қатысты және нормативтік-құқықтық актілермен байланысты негізгі функциялары талқыланды.

Қорытынды:

-2017 жылдың 3 шілде -28 желтоқсан аралығында округ әкімімен 120 нормативтік-құқықтық актілер (89 шешім, 31 өкім) қабылданған. Нормативтік-құқтық актілер қабылдауда заң бұзушылық фактілері болған жоқ.

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысулары:

Аппараттың штаттық саны 2017 жылғы II жартыжылдығының қорытындысы бойынша 11 бірлікті құрады. Ішкі конкурс болған жоқ. Кадрлардың ауысулары орын алмады.Бұқаралық ақпарат құралдарында Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар анықталған жоқ.

2) мемлекеттік қызмет көрсету:

-ауылдық округ әкімі аппаратына ішкі талдау жүргізу кезеңінде жеке тұлғалардан–90 өтініш түсіп, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы №221 Заңына сай барлық арыздар уақытылы қаралып, жауабы кешіктірілмей арыз иелеріне жазбаша хабарланған. Ішкі талдау жүргізілу мерзімінде шешімін таппаған, қаралмаған немесе мерзімі өткен фактілер болған жоқ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген округ әкімі аппараты мемлекеттік қызметтің үш түрін көрсетеді: елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру, жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту және жеке қосалқы шаруашылығы бар жөнінде анықтама беру Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №270 бұйрығына сай жер учаскесінің көлемін ұлғайтуды өтініш қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ немесе www.egov.kz «электрондық үкімет веб порталы арқылы жүзеге асырылады делінген. Алайда округ әкімі аппараты бойынша жер учаскесінің көлемін ұлғайтуды сұраған өтініш қабылдануда. Өтініш иелерімен жер телімінің көлемін ұлғайтуға жазған арызын ХҚКО-ы яғни «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ қабылдамауына байланысты аппаратқа келіп жазылып отыр. Осындай жағдай, өтініш беруші тікелей мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемеге келіп арыздануы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызуда.

3) рұқсат етілген және бақылау функцияларын жүзеге асыру:

2017 жылдың ІI жартыжылдығы қорытындысы бойынша Жұмыскер ауылдық округінен 162 адамға әскер қатарына шақырту қағазы таратылды. Олармен Қазақстан Республикасының заңдарындағы нормаларына сәйкес қызметтер жүргізілді.

«Мемлекеттік әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңына сәйкес 2017 жылдың II жартыжылдығында округ әкімі аппаратында 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақы алуға құжат жинаған 17 отбасыға зерделеу актісі жасалды. Округ әкімі аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Округ әкімінің уақытша
міндетін атқарушы К.Хабиев

 


 

 

Жұмыскер ауылдық округі әкімі аппаратының 2017 жылдың ІI жартыжылдығына жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысы

 

І.Кіріспе

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

«Жұмыскер ауылдық округі әкімі аппараты» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Жұмыскер ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, Атырау қаласы, Жұмыскер ауылдық округі, Жұмыскер ауылы, телефондар: 23-12-20, email:akimat.zhymusker@mail.ru.

3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі:

Басталды – 03.07.2017 ж., аяқталды – 28.12.2017 ж.

4.Бақыланатын кезең:

2017 жылдың ІI жартыжылдық қызметіне.

 ІІ.Ақпараттық-талдамалық бөлім

Ауылдық округі әкімі аппаратының «Сенім телефоны» туралы «Атырау» газетіне хабарламасы жарияланды.

 

ІІІ.Қорытынды

Жұмыскер ауылдық округі әкімі аппаратында 2017 жылдың ІI жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

 


Мақаланың шыққан күні: 28.12.2017 23:20

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.12.2017 09:24

Қаралым саны: 1147