Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.05.2018

Қызметтер

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қайта жаңғырту

Облыста «Өңірлерді дамыту 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Облыстағы 1 604 көппәтерлі тұрғын үйдің – 429-і жөндеуді қажет етеді. Бағдарлама шеңберінде 2011-2016 жылдар аралығында 2 млрд. 837 млн. теңге сомасына Атырау қаласында 102 көппәтерлі тұрғын үй жөнделді, оның ішінде тұрғындардың қайтарымды (536,01 млн. теңге) қаражатына 13 үй жөндеуден өтті.

 

Газдандыру

Қазіргі таңда облыс ауылдық елді мекендерінің 79,2%-ы немесе халықтың 96,8% газдандыру жүйесімен қамтылған.

2017 жылы Азғыр өңірінің 10 елді мекендеріндегі 7 мыңның үстінде халқын көгілдір отынмен қамту үшін құрылыс жұмыстары басталды. Осы мақсатта 2 жоба әзірленген болатын: 365 шақырым магистралдық және кентаралық жоғарғы қысымды газ құбыры және 67,6 шақырым селоішілік газ құбыры. (Жалпы құны 10,3 млрд.теңге) Құрылыс жұмыстарын әлеуметтік бағдарламалар аясында іске асыру жағынан міндетіне алған «NCOC» компаниясы арқылы жүргізілуде.

13 шағын ауылдарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Махамбет ауданында 4 ауылға - Бала Ораз, Атамбаев, Көздіқара, Есмахан, Қызылқоға ауданындағы 6 ауылға – Тасқұдық, Саркөл, Сарқұмақ, Былқылдақты, Қоңыраулы, Кенбай, Исатай ауданындағы 3 ауылға - Амангелді, Қызыл үй, Жасқайрат. Жобалау жұмыстары аяқталғаннан кейін, құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

 

Ауыз сумен қамту

«Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде 2011-2017 жылдары 105 сумен жабдықтау нысаны пайдалануға берілді, соның ішінде 2014 жылы - 66 нысан, 2015 жылы - 4 нысан, 2016 жылы -11 нысан, 2017 жылы -6 нысан тапсырылды.

Күні бүгінде облыстағы 164 ауылдық елді мекеннің 128-гі 78 пайызға орталығандырылған ауыз сумен қамтылған.

2017 жылы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында жергілікті бюджет есебінен 1,8 млрд.теңге қаржы бөлінді. 9 нысанның құрылысы іске асырылып, 6 нысанның құрылысы аяқталды. (Жылыой ауданында Тұрғызба, Қосшағыл ауылдарында, Махамбет ауданының Махамбет ауылында, Құрманғазы ауданының Дәшін, Жыланды, Балқұдық, Азғыр, Қоңыртерек, Сүйіндік, Жалғызапан, Батырбек, Егінқұдық ауылдарында) . 3 нысан құрылысы ауылпалы.

Осымен қатар, 17 шағын ауылдық елді мекендерге жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленуде. (Құрманғазы ауданының Ганюшкин, Ақкөл, Алға, Қаракөл, Голбин, Көкарна, Даулеткерей, Көнеу, Котяевка, Кудряшов, Асан, Үштаған, Индер ауданының Ақтан, Қызылжар, Кетебай ауылдары, Исатай ауданының Амангелді ауылы, Жылыой ауданының Қарағай ауылы).

Соның ішінде 1 жобаның (Ганюшкин ауылы) жұмысы аяқталып, сараптама қорытындысы алынды.

2018 жылға жоспарға Қызылқоға ауданындағы магистралдық желіге жақын орналасқан 4 шағын ауылдарға (Бүйрек, Айдын, Қосқұлақ, Кенбай) су құбырының құрылысы үшін ЖСҚ әзірлеу жоспарланып отыр.

 

Электрлендіру

2017 жылы Махамбет ауданындағы Махамбет-2, Алмалы елді мекендерін электрлендіру жұмыстары аяқталып, тапсырылды.

Энергетика саласындағы тағы бір өзекті мәселенің бірі - бұл Азғыр елді мекендерінің электр энергиясын Ресей Федерациясынан 110 кВ әуе желісімен алып отырғандығы. Ресей Федерациясынан тәуелді болмау мақсатында Ганюшкино елді мекенінен кернеуі 110 кВ ұзындығы 205 шақырым құрайтын «Ганюшкино-Асан» әуе желісін жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

«Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ АҚ (ЭЧ-4 мекемесі) қарасты электр желілері тозығы жетуіне байланысты, Атырау облысы әкімдігімен 11 елді мекенге электрмен қамту желілерінің құрылысы үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. (Атырау қаласында, Жылыой ауданының Құлсары қаласы, Қызылқоға ауданының Сағыз, Жамансор, Жантерек, Мұқыр, Кенбай ауылдары, Исатай ауданының Аққыстау, Томан ауылдары, Мақат ауданының Мақат, Доссор поселкелері)

Сонымен қатар, Махамбет ауданына қарасты Самал, Жасыл белдеу, Наркесген ықшам ауданы және Исатай ауданы Ерғалиев, Жанбай, Тұщықұдық, Зинеден селоларын электрмен жабдықтау үшін ЖСҚ әзірленуде.


Мақаланың шыққан күні:: 01.03.2018 00:03
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 22.05.2018 14:49