Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.04.2020

Қызметтер

Миялы ауылдық округ әкім аппараты

Аппарат акима Миялинского сельского округа

ӨМІРБАЯН

Базарбаев Кайыргали Ермекбаевич 1957 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылында дүниеге келген.

1980 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «ауыл шаруашылығының инженер-механигі» біліктілігі бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1974 жылы Қызылту совхозында жұмысшы болып бастаған.

1974-1975 жылдары Қызылту совхозында көмекші шопан, 1975-1980 жылдары Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтында студент, 1980-1985 жылдары Қызылту совхозында инженер, комсомол комитетінің хатшысы, 1985-1990 жылдары аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы, 1990-1991 жылдары Жангелдин ауылдық кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1991-1993 жылдары Жангелдин ауылдық кеңесінің төрағасы, 1993-2003 жылдары Жангелдин ауылдық округінің әкімі, 2003-2006 жылдары Миялы селолық округінің әкімі, 2006-2008 жылдары Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары, 2008-2012 жылдары Жангелдин ауылдық округінің әкімі, 2012-2018 жылдары Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2019 жылдың қаңтар айынан 2019 жылдың 11 қарашасына дейін Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды.

2019 жылдың 11 қараша айынан бастап Миялы ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Отбасылы, екі баласы бар.

Сведение о специалистах

Главные специалисты аппарата акима округа:


Мақаланың шыққан күні: 17.06.2016 15:24

Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.01.2020 16:20

Қаралым саны: 2683