Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.03.2020

Қызметтер

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

1. «Атырау облысы Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Ауданның тұрақты экономикалық өсуіне және бәсекелестік қабілетінің сапалы деңгейіне жетуіне себеп болатын, әлеуметтік – экономикалық саясатты жүзеге асыру, бюджеттік қаражатты жоспарлау және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.

Тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету және ауданның коммуналдық меншігін тиімді басқару.

2. Міндеттері:

1) ауданның бюджетін жоспарлау және орындалуы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

2) ауданның атқарушы органдарымен бірлесіп, өңірді дамытудың кешенді және мақсатты, стратегиялық бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарын үйлестіру;

3) ауданның фискальды және атқарушы органдарымен бірлесіп, аудан бюджетінің жобасын жасау және үш жылдық мерзімге бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін дайындау, тиісті заңнамаларға сәйкес уәкілетті органға бекітуге ұсыну;

4) ағымдағы қаржы жылы ішінде, аудандық бюджетке өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу үшін тиісті заңнамаларға сәйкес бюджетті нақтылау шараларын алу;

5) көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру;

6) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына қолжетімділікті қамтамасыз ету;

7) ауданның экономикалық даму бағдарламасын мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдармен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп әзірлеу және жүзеге асыру, экономикалық, бюджеттік мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдарында жария ету;

8) өз құзыреті шегінде аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін қамтамасыз ету;

9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте салықтық, ақша-кредит саясатымен өзара іс-қимыл жасай отырып, мемлекеттік бюджет саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысу;

10) жергілікті бюджеттің кіріс түсімдеріне талдау жасау;

11) бағдарлама әкімгерлердің бюджеттің орындалуына қорытынды дайындау және талдамалық есеп беру;

12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті басқарудың және жекешелендірудің мемлекеттік саясатын іске асыру;

13) аудандық коммуналдық мүлікті қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен мақсатты және тиімді пайдалану жұмыстарын ұйымдастыруға қатысу;

14) қолданыстағы заңнамамен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

3. Функциялары:

1) ауданның әлеуметтік – экономикалық жағдайын, экономика салаларының дамуына талдау жасау;

2) ауданның мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарымен бірлесіп, өңірді дамытудың кешенді бағдарламаларын дайындау,тиісті нормативтік құқықтық актілерін қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бекітуге ұсыну;

3) қадағаланатын аядағы (саладағы) өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалауға арналған жұмыстарды үйлестіру;

4) ауданның тиісті қаржы жылдарына арналған бюджет жобасын ауданның тиісті фискальды және атқарушы органдарының қатысуымен дайындау, тиісті қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бекіту шараларын алу;

5) жергілікті бюджеттерді жоспарлауына әдістемелік басшылық жасау;

6) бөлім құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет бөлігінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде заңнамаларға ұсыныстар беру, жасалған жұмыстарға мониторинг жүргізу;

7) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің қызметін үйлестіру;

8) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын жасау, бекіту және жергілікті бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жүргізу;

9) бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес бюджетке төленетін төлемдер түсімдерінің мерзімін, бюджетке өткен жылдары түскен төлемдер түсімдерінің динамикасын, мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық динамикасын талдау және бағалы қағаздар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстар деңгейін, кредиттік шарттардың, қарыз шарттарының, байланысты гранттар туралы келісімдердің талаптарын негізге ала отырып, бюджет түсімдері сыныптамасының топтама кодтарының толық көлемін жасау;

10) бюджет ақшасын басқару;

11) мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқарудың шоттарына түскен қаражаттар бойынша мониторинг жүргізу;

12) бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерімен жасақталған шоғырландырылған бухгалтерлік балансті жоғарғы органдарға ұсыну;

13) бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері бекіткен мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарымен келісу;

14) жергілікті атқарушы органның қаулысы негізінде заңнамалықта көрсетілген тәртіпте тиісті бюжетті түзетуді және нақтылауды жүзеге асыру;

15) бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері ұсынатын бюджеттік есептілік және ақпарат негізінде бюджеттік мониторинг жүргізу;

16) тоқсан сайын бюджеттік мониторингтің нәтижелері және жыл қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы, уәкілетті органдарға жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалық есепті, сондай-ақ ай сайын бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлеріне міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмағаны туралы ескертпе ақпарат беру;

17) аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есепті әкімдікке, мәслихатқа, облыстық тексеру комиссиясына, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға ұсыну;

18) республикалық трансферттердің игерілу барысы бойынша мониторинг жүргізу;

19) аудан бойынша бюджеттің есептілігі мен есебін жүргізу;

20) бюджет мониторингі нәтижесі бойынша есепті;

21) бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларының орындалуы бойынша есепті;

22) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалу туралы есепті;

23) демеушілік пен қайырымдылық көмектен ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есепті;

24) аудан бойынша дебиторлық берешек туралы есепті;

25) аудан бойынша кредиторлық берешек туралы есепті;

26) аудан бойынша жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы есепті;

27) аудан бойынша жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы жылдық есепті;

28) бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің белгіленген нысаны бойынша демеушілік, қайырымдылық көмектің ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқару қолма-қол бақылау шоттарын ашу және ақшаны уақытша орналастыру бақылау шоттары жөнінде өтініштерін қарау;

29) аудандық бюджеттің бекітілуіне, нақтылануына, түзетілуіне байланысты бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарларының жобасын және бюджеттік өтінімдер ұсыну;

30) бюджеттің атқарылуы бойынша бағдарлама әкімгерлерінен есеп алу;

31) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден кезеңділік есеп алу;

32) бөлім бағдарлама әкімгері болып табылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша кезеңділік есеп жасау;

33) бөлім бағдарлама әкімгері болып табылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын жүзеге асыру;

34) төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларын жасау және нысаналы трансферттердің нәтижелері бойынша облыстық басқармаларымен аудан әкімімен келісім жасасу және олардың атқарылу барысы жөнінде есептілік жасақтау;

35) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілерді дайындауға қатысады;

36) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес коммуналдық мүліктің нысаналы және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

37) коммуналдық мүліктің жекешелендірілуін жүзеге асырады, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

38) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындау бойынша, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

39) аудандық коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті тиісті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

40) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін, бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің келісімінсіз алып қоюды жүзеге асырады;

41) аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен теңгерімнен шығара отырып өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз етуін белгілейді;

42) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға теңгерім ұстаушының келісімімен, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес мүліктік жалдауға (жалға алуға), кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз), сенімгерлік басқаруға береді;

43) аудандық коммуналдық мүлікті мемлекеттік заңды тұлғаларға теңгерім ұстаушының келісімі негізінде уақытша өтеусіз пайдалануға беруді (орналастыруды) жүзеге асырады;

44) аудан әкімдігіне аудандық коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

45) аудандық коммуналдық меншікке бекітіліп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

46) аудандық коммуналдық мүлік мәселелері бойынша мемлекеттік мүддесін білдіреді, жергілікті атқару органына тиесілі мүліктік құқықтарды қорғауды жүзеге асырады;

47) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізеді;

48) жергілікті атқарушы органына тиесілі акцияларға дивидендтердің уақтылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталындағы қатысу үлесі жергілікті атқарушы органына тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында таза табыстың бөлінуіне бақылауды жүзеге асырады;

49) аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жергілікті атқарушы органы қатысатын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

50) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

51) аудан әкімдігінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болады;

52) аудан әкімдігінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың орналастырылатын акцияларына төлем жасауды және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақша енгізу жолымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына салымды, сондай-ақ аудандық коммуналдық мүлікті, оның ішінде акцияларды, қатысу үлестерін енгізуді жүзеге асырады;

53) аудан әкімдігі атынан мемлекеттік акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға акционер (қатысушы) ретінде қатысу құқықтарын жүзеге асырады;

54) жалғыз акционері (қатысушысы) жергілікті атқарушы орган болып табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тиісті директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына өз өкілін тағайындайды, ал жергілікті атқарушы орган қатысатын өзге де акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде – директорлар кеңесіне немесе байқау кеңестеріне кандидатураны акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысына бекітуге ұсынады;

55) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізеді және мемлекеттік мүлік тізілімін пайдаланушыларға ақпарат ұсынады;

56) мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік мүліктің бірыңғай есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді және ұйымдастырады;

57) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұйымдастырады;

58) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды;

59) коммуналдық заңды тұлғалар мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

60) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» заңына, Қазақстан Республикасының өзге де қолданыстағы заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

61) Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның біртұтас экономикалық, бюджеттік саясатын жасауға бағытталған басқа да функцияларды жүзеге асыру;

4. Құқықтары мен міндеттері:

1) өз құзыреті шегінде мемлекеттің қатысымен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, сондай-ақ тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

2) сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардан мамандар, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар тартуға;

3) өз өкiлеттiгi шегiнде орындалуға тиіс нормативтік құқықтық актілер дайындауға;

4) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан белгiленген тәртiппен қажеттi ақпарат пен материалдарды алуға;

5) қолданыстағы заң актілерінде және осы Ереженің функцияларында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

6) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға;

7) жалпы мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатқа, оның ішінде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;

8) қызметтік қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды сақтауға;

9) азаматтар мен заңды тұлғалар заңды мүдделерiнiң сақталуы, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;

10) Бөлімге берiлген құқықтар шегiнде және осы Ережеге сәйкес өзінің өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;

11) жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың Бөлімнің өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;

12) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;

13) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 060400, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Халит Испулаева көшесі 64 үй.

Байланыс телефондары: 871233 2-03-13, 2-10-03:


Мақаланың шыққан күні: 23.05.2019 16:26

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.05.2019 16:26

Қаралым саны: 504