Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.11.2017

Қызметтер

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

«Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемесі, бөлімнің құрылтайшысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты болып табылады.

Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімінің миссиясы мемлекеттік бағдарлама негізінде құрылыс және қайта жаңғырту саласында мемлекеттік шараларды жүзеге асыру болып табылады.

Міндеттері:

  • Ауданда мемлекеттік құрылыс саясатын жүргізу және аудандық әлеуметтік-экономикалық кешенді дамыту мақсатында ағымдағы және перспектива мәселесін шешуге бағытталған құрылыс бағдарламасын жүзеге асыру;

  • Жоба жоспарының құжаттарын, аудан құрылсына жататын ғимараттардың жобаларын қарау және келісу;

  • Аудан аумағында жобалау, қайта жаңғырту, жаңғырту, түрлі жөндеу жүргізу, реттейтін нормалар мен ережелерді дамыту бойынша ұсыныстарды дайындау;

  • Аяқталған өндірістік және өндірістік емес сипаттағы тұрғынды-азаматтық құрылыс нысандарын қабылдауға қатысу;

  • Бөлім қызметкерлерінің қызметіне қажетті кәсіби деңгейін, олардың мәртебесін қамтамсыз ету.

Функциялары:

  • Мемлекеттік сараптаманы республикалық және аумақтық бөлімшелерімен, мемлекеттік сәулет-қала құрылыс инспекциясы жобаларымен, аудан көлеміндегі бағынышты құрылыс қызметі саласында мемлекеттік, қоғамдық, жеке мүдделерді қорғау сұрақтары бойынша лицензиялау органдарымен байланыс жасау;

  • Бекітілген құрылыс құжаттарына сәйкес жобаларды жүзеге асыруда құрылыс тәртібін, құрылыс салу ережесін сақтауарқылы жүзеге асыру;

  • Құрылыс қызметі туралы заңдылыққа қайшы келмейтін, бөлім туралы ережемен анықталған басқа да қызметтерді орындау.

 


Мақаланың шыққан күні:: 28.07.2017 01:38
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 28.07.2017 01:38