Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.07.2020

Қызметтер

Халықтың көші-қоны

2017 жылы облысқа көшіп келген 112 отбасы 197 этникалық қазақ оралман мәртебесін алды.

Оның ішінде Өзбекстан Республикасынан – 159, Қытай Халық Республикасынан – 28, Ресей Федерациясынан – 7, Түркия Республикасынан – 1, Молдова Республикасынан – 1, Түркменстан Республикасынан – 1 адам.

Көшіп келген қандастарымыз Атырау қаласында, Исатай, Жылыой, Мақат, Махамбет аудандарында қоныстанды.

«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №446 бұйрығына сәйкес, «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіледі.

Қоныс аударып келген этникалық қазақтар мемлекеттік қызметті алу үшін Атырау қаласындағы, Балықшы ауданындағы №1 «Халыққа қызмет көрсету орталығына», Сәтпаев көшесіндегі №2 «Халыққа қызмет көрсету орталығына», Вокзал маңы, Баймуханова көшесіндегі №3 «Халыққа қызмет көрсету орталығына» төмендегідей құжаттар тапсырады:

1) Жеке басын куәландыратын төл құжат паспорт, туу туралы куәлік көшірмелері (нотариальдық бекітілген, қазақ тілі мен орыс тіліндегі аудармасы)

2) Өмірбаян (еркін нысанда)

3) Кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктер көшірмесі нотариальдық бекітілген, қазақ тілі мен орыс тіліндегі аудармасы)

4) Фото 3х4 (2 дана)

Қажетті құжаттар толығымен қабылданғаннан кейін қызмет алушыға 5 (бес) жұмыс күні ішінде оралман куәлігі мен шешім беріледі.


Мақаланың шыққан күні: 07.02.2018 03:59

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.06.2018 15:20

Қаралым саны: 1985