Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.10.2017

Қызметтер

Халықаралық шартты сала

Ағымдағы жылдың сәуірдің 2мен 3 аралығында облыс әкімінің орынбасары С. Айдарбеков Қазақстан Республикасында аккредиттелген бірқатар шетел мемлекеттерінің елшілерінің делегациясын қабылдады:

Питер ван Леувен - Қазақстан Республикасындағы Нидерланд Корольдігінің уақытша сенімді өкілі

Дэвид Моран

- Қазақстан Республикасындағы Ұлыбританияның Төтенше және Өкілетті елшісі

Стивен Миллар - Қазақстан Республикасындағы Канаданың Төтенше және Өкілетті елшісі

Жан-Шарль Бэртонэ - Қазақстан Республикасындағы Францияның Төтенше және Өкілетті елшісі

Яцек Ключковски - Қазақстан Республикасындағы Польшаның Төтенше және Өкілетті елшісі

Атырау облысына елшілердің іссапары ағымдағы жылдың сәуірдің 3мен 5 аралығында Атырауда Атырау облысының әкімдігінің қолдауымен Iteca компаниясы ұйымдастыруымен «Atyrau Oil@Gas 2012» және «Atyrau Build 2012» 11-ші Өңірлік Солтүстік-Каспий көрмелерінің өтуіне байланысты.

Өткізілген кездесулер кезінде екіжақты қарым-қатынастардың жағдайы мен одан әрі дамытудағы іс-әрекеттер және өңір экономикасының шикізатты емес секторындағы біріккен инвестициялық жобалардың іске асыру жұмыстарын жандандыру мәселелері талқыланды.

 

Қазақстанда акредиттелген шетелдік елшіліктер мен компаниялар өкілдерінің іссапарлары туралы ақпарат

Ағымдағы жылдың 14 ақпанда облыс әкімдігінде Қазақстан Республикасындағы Канада Елшілігінің сауда бойынша кеңесшісі Г.Қыдырхановамен кездесу өтті.

Кездесу соңында Г.Қыдырхановаға Атырау облысының ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа да салалары бойынша шетелдік қаржыландыруды талап ететін инвестициялық жобалар бойынша ақпараттық материалдар берілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың II тоқсанда Канададан сауда миссиясының іссапарын ұйымдастыру жөнінде келісімге келді.


Ағымдағы жылдың 15 ақпанда Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында Атырау қаласындағы Британ сауда-инвестициялық өкілдігінің басшысы Г. Ғабдуловамен кездесу өтті.

Кездесу кезінде келесі бітімге келді:

- Ұлыбританиядан тікелей шетелдік инвестициялар тарту жұмыстарын жандандыру;

- Атырау облысының инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсаукесерімен Атырау қаласындағы британ компаниялар өкілдерінің қатысуымен ағымдағы жылдың сәуірдің 2 жартысында облыстық әкімдікте «дөңгелек үстел» ұйымдастыру;

- Ағымдағы жылдың 2 жартысында британ сауда-экономикалық миссиясын ұйымдастыру.


Ағымдағы жылдың 23 ақпанда «Бауэр Қазахстан» компаниясы өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу кезінде «Біріккен газохимиялық жүйе» құрылысына «Бауэр Қазахстан» компаниясының қатысу мүмкіндігін және Атырау облысының басқа да инвестициялық жобалардың іске асуы бойынша мәселелер талқыланды.


Ағымдағы жылдың 24 ақпанда «Аl Falah Investment Menedgment (Kazakhstan)» фонд өкілдерінің іссапары өтті.

Кездесу кезінде қаржыландыруды және технологиялар трансфертерін талап ететін облыс кәсіпорындарына, бизнеске, сондай-ақ «Атырау» ӘКК АҚ-мен ынтымақтастықты нығайту бойынша мәселелер талқыланды.


Ағымдағы жылдың 27 наурызда ҚР Австрия Елшілігінің сауда бөлімінің басшысы Михаэл Мюллердің іссапары өтті.

Кездесу кезінде облыс экономикасының әртүрлі салары бойынша екі жақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, «Атырау» ӘКК АҚ өкілдерімен қандай инвестициялық жобалардың іске асуына австрия компанияларының қатыса алатындығы жөнінде мәселелер талқыланды.

Кездесу соңында а.ж. қыркүйектің 10-15 аралығында Атырау облысына австрия сауда миссиясын ұйымдастыру бойынша бітімге келді.


Мақаланың шыққан күні:: 27.06.2016 10:36
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 27.06.2016 10:36