Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
19.10.2017

Қызметтер

Күзгі-қысқы маусымдағы өрт қауіпсіздік шаралары жөнінде тұрғындарға жадынама

Қайғылы жағдайларды болдырмас үшін Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарынан төмендегідей алдын алу іс-шараларын орындауды сұраймыз:

- электр өткізгіштерді, ақауы бар ажыратқыштарды, розеткаларды жөндеу;

- жылыту электр құралдарын мен пештерді жұмысқа жарамды күйде ұстап, перде мен жиһаздардан алшақ жерде жанбайтын негізге орнатыңыз;

- жоғары қуатты электр құралдарын бір жүйеге қосуға жол бермеңіз, ол электр жүйесінің артық қызуына әкеледі;

- қолдан жасалған электр жылытқыш құралдарын қолданбаңыз;

-үйден шығардың алдында газ және электр құрал-жабдықтарының сөндірілгеніне көз жеткізіңіз;

- уақытылы жылыту пештерін жөндеңіз;

- түтіндіктерді (пеш тұрбаларын) күйеден тазартыңыз;

- пештің қаланған тұстары мен түтін тұрбасының бойындағы жарықтарды құмды саз балшық ерітіндісімен бітеп, сылап, ақтаңыз;

- пештердің жарамды күйдегі есіктері немесе жабындыларына 50х70 см көлемінде ағаш еденге қағылған металлды қаңылтыры орнатыңыз;

- жылыту пештерінің қатты қызуына жол бермеңіз;

- пешті тез тұтанғыш сұйықтықтармен жақпаңыз;

- балаларға абай болыңыз, қараусыз қалдырмаңыз;

-естеріңізде болсын, мас күйінде төсек орнында темекі тарту - өрт шығуына басты себеп.

 

Өрт болған кезде 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз

 


 

Атырау қаласының төтенше жағдайлар басқармасы


Мақаланың шыққан күні:: 24.08.2016 16:40
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 24.08.2016 16:51