Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
19.08.2017

Қызметтер

Мақаш ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және алдын алуға байланысты атқарылған жұмыстар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердін стандарттары мен регламенттеріндегі қызметтердің тізімі, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары, қызмет көрсетудің тәртібі округ ғимаратында жалпы халық танысу үшін ілінген. Мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде халық арасында түсінік жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Жер телімін сұраған өтініштерде заң бұзушылық орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік кіріс комитетіне жыл сайын табыстайтын мүлкі және табыс жөнінде декларацияны уақытылы тапсырып отыр. Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында округ әкімінде сенім телефоны жұмыс жасайды және арыздар үшін «Сенім жәшігі» орнатылған. Мемлекеттік қызметкерлер тарапынан мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексі нормаларын сақтамау және заң бұзушылықтың өзге де көріністері орын алған жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бойынша көрнекі ақпарат (билборд) жаңартылу үстінде. Бұл жұмыстар әрі қарай да жалғасын таба беретін болады.

Мақаш ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Т.Базарғалиева


Мақаланың шыққан күні:: 22.11.2016 10:51
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 22.11.2016 10:51