Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
12.07.2020

Қызметтер

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша атқарылған шаралар

Жеке, заңды тұлғалардан түсетін «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстық, қалалық және аудандық мемлекеттік архивтері көрсетеді.

Жеке және заңды тұлғалардың архивтік сұраныстарын, оның ішінде «Электронды әкімшілік» ақпараттық жүйесі, яғни (е-gоv.kz) бағдарламасы арқылы архивтік сұраныстардың уақытылы орындалуын жүзеге асыруда.

1. Атырау облыстық, қалалық және аудандық мемлекеттік архивтері бойынша 2018 жылдың қаңтар – сәуір айларында көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы – 2916, қызмет беруші арқылы (қағаз түрінде) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны -996, Мемлекеттік корпорация арқылы-1530, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны -390.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы №14 «Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына және Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 сәуірдегі №92 «Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі №213 «Архивтік анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

3. Мемлекеттік қызметтер сапасына есептік кезеңде түскен шағымдар болған жоқ.

4. Басқармада бекітілген «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бақылауға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Құрманғазы, Қызылқоға, Исатай аудандық мемлекеттік архив мекемелерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметіне бақылау жүргізілді.

5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардарлығын жоғарылату бойынша:

1. Исатай аудандық мемлекеттік архиві 2018 жылғы 1 ақпандағы №9 «Нарын таңы» газетіне «Архив-асыл қазына» атты мақала жарияланды. Фейсбук әлеуметтік желісіне «Электрондық үкімет порталына мемлекеттік қызметтерді қалай алуға болады» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.

2. Мақат аудандық мемлекеттік архиві 2018 жылғы 29 наурыз №13(867) «Мақат тынысы газетіне «Мұрағаттық анықтаманы үйде отырып алуға болады» атты тақырыпта мақала жарық көрді.

3. Жылыой аудандық мемлекеттік архиві «Кең Жылыой» газетінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі №16 басылымына медиа жоспар бойынша «Архивтік

анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету тақырыбында мақала жарияланды.


Мақаланың шыққан күні: 13.08.2018 07:49

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.10.2018 12:54

Қаралым саны: 1339