Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
27.06.2017

Қызметтер

Ана мен бала

1.Бала мен босандыру қызметі бойынша:

Осы салада ең маңызды мәселелердың бірі ол, кадр мәселесі.

Жалпы облыс көлемінде қажетті мамандар саны 144 болса, оның ішінде 11 акушер-гинеколог, 12 анестезиолог-реаниматолог, 9 – неонатолог дәрігерлері жетіспеуде.

Мамандармен қамту бойынша 6 айда ішінде атқарылған жұмыстар:

- Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының жалпы практикалық дәрігерін анестезиолог-реаниматолог мамандығына қайта оқытылуда (ағымдағы жылғы 10 тамызда бітіреп келеді, бүгінге облыстық перинаталдық орталығының және облыстық аурухананың мамандарымен қамтып отырмыз).

2016 ж. шілде айында екі жас маман хирург жолданды.

- Исатай аудандық орталық ауруханасына 1 акушер-гинеколог маманы жұмысқа алынды.

- Облыстық перинатология орталығына 2 акушер-гинеколог дәрігер маманы келді (1-і тәжірибелі акушер-гинеколог, екіншісі резидентураны бітіріп келді) және генетик маманы жұмысқа алынды. 1 неонатолог маман келуі қажет.

- ағымдағы жылғы қыркүйек айында Махамбет, Жылыой және Қызылқоға аудандық орталық ауруханаларынан 3 педиатр мамандар Астана қаласында Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына 2 айлық неонатология мамандығы бойынша біліктілігін арттыру оқуына барады.

Әліде Индер, Исатай, Құрманғазы АОА-на акушер-гинеколог, ал, Жылыой, Исатай, Құрманғазы АОА-на анестезиолог –реаниматолог мамандары қажет.

2. Мамандардын біліктілігін арттыру мақсатында жыл басынан бері
15 көшпелі циклдар ұйымдастырылып, 434 мамандар қамтылды (акушер-гинеколог, неонатолог, УЗИ мамандары, реаниматолог-анестезиолог, педиатр, терапевт және жалпы тәжірибе дәрігерлері) –оқытушылар- Астана, Алматы қалаларынан «Ана мен бала» және «Педиатрия және балалар хирургиясы» ұлттық ғылыми орталығынан, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінен, Литва, Беларуссия, Ресей мемлекеттерінен келген білікті мамандар.

Облыс медициналық колледжде 144 маман жедел медициналық көмек көрсету практикалық әдістемелері бойынша оқу-жаттығудан өтті. Сонымен қатар, жоспарға сәйкес облыстық перинаталогия орталығы, облыстық балалар ауруханасы, облыстық аурухана және қалалық перзентхана мамандары – аудан және қала емдеу ұйымдарына кураторлық (методикалық, диагностикалық және практикалық) көмек көрсетуде.

Қосымша Облыстық перинаталды орталығының мамандары акушер-гинеколог, анестезиолог-реанимтолог және неонатолог 7 АОА-да 3-4 кұн болып көмек көрсетіп келді. Бұл жұмыс әрі қарай жалғасуда.

3)Ана мен бала денсаулығын қорғау ұйымдарының құрал-жабдықтармен қамтылуы бойынша

Ана мен балаға көмек көрсету ұйымдары қажетті құрал-жабдықтармен 78,5%-ға қамтылған, оның ішінде:

- 1 денгейдегі аудандық орталық ауруханалары - 72,8%;

- 2 денгейдегі қалалық перзентхана -76%;

- 3а денгейдегі облыстық перинаталогия орталығы –88,2% (бала және ересек жансақтау бөлімдері 100%-ға қамтылған).

- облыстық балалар ауруханасы - 89%;

- облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы - 69% (жаңа аурухананың құрылысы аяқталуда, қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған).

Жыл басында медициналық құрал-жабдықтар қажеттілігіне сараптама жүргізіліп, қажетті аппаратураға өтінім жинақталды. Жергілікті бюджеттен 244 млн 590 мың тенге қаржы бөлініп, тендер жүргізілді. Жыл аяғында дейін қамтитын боламыз.

4) Ана мен балаға ұшіл жағдайда жедел медициналық көмек көрсетуде санитарлық авиацияның ролі бұгінге зор.

6 айда ана мен бала 45 шақырту болды, оның 14 жұктті әйелдерге, ал 1 жасқа дейынгы балаға 21, 1-14 жасқа дейын 10 шақырту тыркелді.

Оның 17 тік үшақ және АН-2 самолетымен.

Республикалық санавиацияны шақырту – 11 жағдай, оның 2-і жұкті әйелге, 10 балаға. Нәтижесінде 1 әйелды, 8 баланы Республикалық клиникаларына жеткізіліп емделды. (Кұрманғазы-13, Индер10, Жылыой-7 АОА-ы).

Телеконсультация бойынша – ана мен балаға – 72 , оның ішінде жұктік бойынша -12, ал балаларға 60. Республикалық денгейде – 16, оның 5-і жүктілікке, 11 балаға. Нәтижесінде Республикалық клиникаларға жіберілгені -5, 1 әйел, 4 бала.

Атқарылған іс шаралардың нәтижесінде Ана мен бала өлімінің көрсеткіштері 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы облыс аумағында ана өлімі фактісі тіркелген жоқ.

Бала өлім көрсеткіші 2015 жылдың 6 ай қортындысымен салыстырғанда 12,2%-ға төмендеп отыр (8,9 дан 7,9-ға), облыстық көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 9%-ға төмен (ҚР – 9,4).

2015 жылдан облыстық балалар ауруханасы базасында сурдологиялық орталық ұйымдастырылды. Орталық қажетті мамандар - сурдолог, дефектолог, психологтармен және құрал-жабдықтармен толық қамтылған. 7 аудандағы орталық ауруханалар қажетті аудиометрлермен қамтылған. Есту қабілетінің ақаулары бойынша биылғы 6 айда 213 бала зерттеуден өтті, оның 95 жаңа туған нәрестелер.

Ретинопатия диагнозын жаңа туған нәрестелерден дер кезінде анықтау мақсатында биылғы 6 ай қорытындысымен 260 бала тексерістен өтіп, 19 нәрестелерден ретинопатия анықталды, 2 балаға ота жасалды, ал 17-і бірінші дәреже бойынша қадағалануда.

Облыстық балалар ауруханасының базасында 1 сәуірден бастап катаманестикалық орталығы ашылды. Бұл орталықтың міндеті – облыстық перинаталдық орталығында, қалалық перзентхана, облыстық балалар ауруханасында, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, аудандық орталық ауруханасында өте төмен салмақпен дүниеге келген нәрестелерді, қатаң жағдайларда болған, әр түрлі ақаулармен туылғандарды есепке алу, бастапқы медициналық санитарлық көмек мекемелерімен балалардың жағдайын бақылау, қажетті мамандарға қарату, емдеу, оңалтуға (реабилитацияға) жолдама беру. Мақсат - балалар арасында мүгедектікті төмендету.

 


 

Ана мен бала денсаулығын сақтау – еліміздің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады.

Облыстық денсаулық сақтау бақармасы Бірінғай ұлттық денсаулық сақтау жүесі (БҰДСЖ) және «Саламатты  Қазақстан 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасына   сәйкес   2012 жылға   ана мен бала өлімін төмендету бағытындағы  жоспар жасақталып  жұмыстар  атқарылды.

Медициналық көмектін сапалы болуі, мамандар біліктілігіне байланысты, сол себептен 2012 жылы -  акушер-гинеколог, неонатолог, реаниматор-анестезиолог, педиатр, жалпы практикалық дәрігерлері  және ортабуын қызметкерлері  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандарымен «Қауіпсіз ана», «БШАЫЕ»  тренингі, «Педиатрияның өзекті мәселелері», «Жұкті әйелдерді ықпалдастырып  қадағалау» бойынша  көшпелі циклы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бағдарламасы бойынша өткір ішек ауруларының алдын алу тақырыбында, акушерлік  қан кету, эклампсия және анафилактикалық шок болған жағдайларда шұғыл көмек көрсету бойынша  тренингтер, мастер-класс, семинарлар өткізілді.  2012 жылы  неанотолог дәрігерлер,   акушер-гинеклог, реаниматолог-анестезиолог, бала неврологі, эндокринолог, кардиолог  шетелде  оқып  келді.

Көрсеткіштер:

Сонымен қатар  облыс бойынша туу көрсеткіші 2011 жылмен салыстырғанда  2,1 пайызға өсуі байқалады, яғни 2011 жылы бұл көрсеткіш  1000 адамға шаққанда 28,5 болса, ал 2012 жылы – 29,1 болып отыр.

Сәби шетінеуі 16,7-ден 15,9  төмендеп отыр.

2011 жылы облыс бойынша 2 ана өлімі, 2012 жылы 1 ана өлімі тіркеліп көсеткіш 12,6-дан 6,3 төмендеп отыр. (ҚР – 13,0) 

Табиғи өсім 2012 жылы  1000 адамға шаққанда  21,3-тен 22,1 өсімі болып отыр.

Аудандар бойынша  жұкті әйелдерге және балаларға  135   санитарлық авиация  арқылы көмек көрсетілді, оның ішінде 76  рет  тікұщақ арқылы. Барлығы  облыстық перзентханаға және облыстық ауруханаларға жеткізілді.


Мақаланың шыққан күні:: 23.06.2016 11:44
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 07.09.2016 13:16