Array Малый и средний бизнес | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.03.2017

Қызметтер

Малый и средний бизнес

Количество активных субъектов малого и среднего предпринимательства  по состоянию на 1 марта 2013 года, составило 29756 единиц или составляет 95,0% к соответствующему периоду 2012 года.

Численность занятых в сфере малого и среднего предпринимательства составила 88,9 тыс.человек или больше на 2,9% по сравнению с соответствующим периодом 2012 года.

Общий объем реализованной продукции и оказанных услуг в сфере малого и среднего предпринимательства составил 74,9 млрд.тенге или больше на  0,1 % по сравнению с соответствующим периодом прошлого года (с учетом индекса потребительских цен).

 

Шағын және орта бизнесті қолдау және дамуы.

Шағын және орта бизнесті қолдау мемлекетіміздің басты тапсырмаларының бірі болып табылады.

Қазақстан халқына жолдауында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда, Атырау облысының әкімдігі шағын және орта бизнесті қолдауда жан-жақты бағыттарда жұмыстар жүргізілуде.

Шағын және орта кәсіпкерлік көрсеткіштерінде жоғарылаулар байқалып отыр, аталған салада жұмыспен қамтылғандардың саны 11,6%-ға көбейіп отыр (119,3 мың адам), шығарылған өнім мен көрсетілген қызметтердің көлемі 523,3 млрд.теңгені құрады, 21,2%-ға жоғары. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 46,6 мың бірлікті құрады.

Шағын және орта кәсіпкерліктің даму жолының бірі болып «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда, яғни кәсіпкерлік саласының даму қарқынының механизмі болып отыр.

«Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы нысаналы трансферттер бойынша 1 402,0 млн.теңге бөлінді, оның ішінде: субсидиялауға – 959,0 млн.теңге, ішінара кепілдендіруге – 86,0 млн.теңге, мемлекеттік грант ұсыну бойынша – 10,0 млн.теңге, айналым қаражаттарын толықтыруды субсидиялауға – 347,0 млн.теңге.

2015 жылы несие сомасы 4 448,7 млн.теңгеге 70 жоба субсидияланды (2014 жылы – 56 жоба), кепілдендіру сомасы 491,3 млн.теңгеге 48 жоба кепілдендірілді (2014 жылы - 30 жоба) және жалпы сомасы 10,0 млн.теңгеге 5 кәсіпкердің жобасына қайтарымсыз грант ұсынылды (2014 жылы – 3 жоба.)

Бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижесінде 2015 жылы 655 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Сонымен қатар, Бағдарлама шеңберінде қаржылық емес қолдау құралы да ескерілген, яғни «Даму» КДҚ» АҚ аймақтық филиалы және Атырау облысының Кәсіпкерлік палатасымен ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін «Бизнес Кеңесші», «Іскерлік байланыстыр» және «Топ менеджмент» құралдары бойынша оқулар, бизнес-тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылады.

Оның ішінде 2015 жылы сервистік қолдау бойынша 1 251 шағын және орта бизнес субъектілеріне 2 438 сервистік қызмет көрсетілді.

«Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша биылға 500 кәсіпкерлерді оқыту жоспарланса, қазір 640 курстан өтті, топ-менеджменті оқыту бойынша 15 кәсіпорын басшылары оқытылды.

«Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша Қазақстандағы бизнес-тренингтерден 21 кәсіпкер бизнес-тренингтен өтті және 3 кәсіпкер Германия-да курстан өтті.

«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде 2015 жылға несиенің пайыздық ставкасын субсидиялауға 2015 жылға 39,5 млн.теңге бөлініп, жалпы сомасы 8,3 млн.теңгеге 1 жоба субсидияланды. Қалған қаражат алдыңғы жылдың міндеттемелерін жабуға жұмсалды.

Ішінара кепілдендіруге 8,7 млн.теңге бөлініп, кепілдендіру сомасы 40,5 млн.теңге болатын 3 кәсіпкердің жобасы кепілдендірілді.

Мемлекеттік қайтарымсыз грант ұсыну бойынша ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бизнес-идеяларын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 16 млн.теңге бөлініп, 7 кәсіпкердің жобасы қаржыландырылды.

Одан басқа, моноқаладағы кәсіпкерлердің жобаларын шағын несиелеуге республикалық бюджеттен 2015 жылғы қараша айында 147,0 млн.теңге бөлініп, 41 жаңа жұмыс орынын құрумен шағын кәсіпкерліктің 35 субъектісіне шағын несие берілді.

Сонымен қатар, Ұлттық қор есебінен «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 1-ші, 2-ші, 3-ші транштар бойынша екінші деңгейдегі банктер арқылы жалпы сомасы 7,6 млрд. теңге болатын 38 кәсіпкердің жобасы қаржыландырылды. Бұл Бағдарлама бойынша облыста 200-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Ауылдық бизнестің арзан несиеге қол жеткізуін қамту мақсатында, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жылдық мөлшерлемесі 7%-бен ауыл кәсіпкерлеріне қайтарымды несие беру үшін жергілікті бюджеттен жыл сайын қаражат бөлініп тұрады. Соңғы үш жылда 657 млн.теңге бөлінді, бұл ауылдық жерде 147 бизнес нысанының құрылуына және 352 жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік берді.

Аталған бағытта жұмыс жалғасын табатын болады. Барлық кәсіпкерлерді мемлекетті қолдау бағдарламаларына белсенді қатысуға шақырамыз.

 

Перечень представленных  документов в рамках Единой программы «Дорожная карта бизнеса 2020»


Мақаланың шыққан күні:: 26.01.2016 17:23
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 11.07.2016 17:46