Array Ауыл халқы үшін жеңілдіктер | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.04.2017

Қызметтер

Ауыл халқы үшін жеңілдіктер

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 «Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы» қаулысына сәйкес 25%-дан кем емес ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт мамандарына жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша қалалық жағдайда осындай қызмет түрлерiмен айналысатын мамандар ставкаларымен салыстырғанда жоғары айлық (тарифтiк ставкалар) белгiленуi мүмкiн.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 28 ақпандағы №264 «Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсу кезiнде қабылдау квотасының мөлшерiн бекiту туралы» қаулысына сәйкес бекiтiлген мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысынан техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсу кезiнде қабылдау квотасының мөлшерi бекiтiлген:

-  ауылдың (селоның) әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшiн - 30 пайыз.


Мақаланың шыққан күні:: 23.06.2016 10:13
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 23.06.2016 10:13