Array Мақаш ауылдық округі әкімі аппаратында өткен «Сыбайлас жемқорлық – құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбындағы лекция | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.04.2017

Қызметтер

Мақаш ауылдық округі әкімі аппаратында өткен «Сыбайлас жемқорлық – құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбындағы лекция

Сыбайлас жемқорлықпен күресу және оны жеңу бүгінгі күні республикадағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, болдырмау, алдын алу және өз құзыреті шеңберінде оларды жасаған адамдарды жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және әскери полиция органдарымен жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Сыбайлас жемқорлық бұл мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алу.

Бүгінгі таңда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы функциясын құқық қорғау органдарының жұмысы тұрғысынан ғана қарау мүмкін емес. Қазіргі таңда мемлекет басшысының бастамасы бойынша басталған әкімшілік және конституциялық реформаларды іске асыру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл әкімшілік реформалардың мәні мен мазмұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен салдарларын нақты бағалап, осы қауіпті құбылыспен қатаң және шешуші түрде ымырасыз әрі жан-жақты жоспарлы күрес жүргізуді басты мақсат етіп отыр. Президент жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия-Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады. Елбасы биылда «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру–мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына жолдауында демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіру, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың халық-аралық тәжірибесі мен барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында округ бойынша сенім телефоны 3-31-42 жұмыс жасайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша арыздары үшін сенім жәшігі округ ғимаратында көрнекі жерге орнатылған, оны округ әкімінің өкімімен бекітілген комиссия мүшелері аптасына бір рет қарап, қорытындысы жөнінде акт жасап отырады. Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері мен стандарттары округ әкімшілігінің ғимаратында орналасқан. Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер кідіріссіз қабылданып, қаралып, уақытында жауаптары беріліп отыр. Мақаш ауылдық округі бойынша жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін бекіту кезінде Қазақстан Республикасы Жер кодексі талаптарының бұзылуына, жеке меншікке берілген жерді заңсыз қайта бөлуге жол бермеу үнемі назарда ұсталып келеді. Округ әкімі аппаратында мемлекеттік сатып алу, баға ұсыныстарын көрсету тәсілімен жұмыстары ашық түрде өткізіліп келеді. Барлық мемлекеттік сатып алулар портал арқылы конкурс бойынша жүзеге асырылады. Округтегі мемлекеттік қызметкерлер салық комитетіне жыл сайын табыстайтын мүлкі мен табысы жөніндегі декларацияны уақтылы тапсырып отыр. Жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен түсімдерді толық түсуін қадағалау жұмыстары жүргізіліп келеді. 2016 жылда ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасын» бұзған мемлекеттік қызметшілер болған жоқ. Алға қарай да сыбайлас жемқорлық-құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жұмыстар атқарылады.


Мақаланың шыққан күні:: 29.03.2017 10:32
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 29.03.2017 10:32