Array Жеңіл өнеркәсіп | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.04.2017

Қызметтер

Жеңіл өнеркәсіп
Атырау облысының жеңіл өнеркәсібінің дамуы бойынша ақпарат

Атырау облысының жеңіл өнеркәсібі шағын кәсіпорындар есебінен дамуда. 2016 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында жеңіл өнеркәсібі өндірісінің көлемі 1,4 млрд.теңге, нақты көлем индексі 176,2% құрады.

Өндіріс көлемі тоқыма бұйымдарын өндіру өнеркәсібі есебінен ұлғайған. Өндіріс көлемі 989 млн.теңге, нақты көлем индексі-186,6%. Киім өнеркәсібі көлемі 425,9 млн.теңге, нақты көлем индексі -121,9%.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде облыс бойынша жеңіл өніркәсіп саласында қызметін атқаратын «Өнерпаз», «Safety Systems LTD» «ЭРТРИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне және «Уразбек», «Исаева», «Нейбарт», «Уразбаева», «Шайхисламова А.К.», «Әсел Сұлтан» жеке кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетілді.

2015 жылы индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация» Ұлттық Компания» акционерлік қоғамымен бірлескен қуаттылығы жылына 100 тонна түйе және 350 тонна қой жүнін өңдеу «Caspiy Lana Atyrau» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүнді алғашқы өңдеу фабрикасы іске қосылды. Бүгінгі таңда фабрика түйе және қой жүндерін өңдеу, жіп иіру, бояумен қатар дайын өнімдер шығаруда. Фабрикада шығарылған түйе және қой жүнінен жасалған көрпелер мен жабындылар сауда орындарында сатылуда.


Мақаланың шыққан күні:: 06.04.2017 18:15
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 10.04.2017 06:11