Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.11.2017

Қызметтер

«Мүлікті жария ету - көлеңкелі экономикамен күрес»

16.03.2016

Баршаға аян, Елбасының бастамасы бойынша республика бойынша 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап азаматтардың, оралмандардың және Қазақстан Республикасына тұруға ыхтияры бар азаматтардың мүліктерін жария ету науқаны жүріп жатыр.

Мүлікті жария ету – әлемдік тәжірибеде бар үрдіс. Европаның бірқатар елдері, көптеген АҚШ штаттары мұндай акцияны бірнеше рет өткізіп келеді. Өйткені капиталды көлеңкеден шығару мәселесі барлық елдерде де өте өзекті болып табылады.

Қазақстан Республикасында бұл жария ету шарасы (акция) осымен 3-і мәрте өткізіліп, 2014 жылдың 1 қыркүейегінен басталып, ол осы 2016 жылдың желтоқсан айына дейін ұзартылып, жалғастырылып отыр. Акцияның негізгі мақсаты, жария етілген капитал түрінде экономикаға қосымша қаражат тарту.

Атырау облысы бойынша қазіргі таңда, 2349 мүлікті құрайтын 1299 өтініш түсіп, оның 1186 өтініші қанағаттандырылып, 9 млрд 100 млн тенге құрайтын 2197 бірлік мүлік жария етілді.

Сонымен қатар 74 млн.тенге құрайтын шет елдегі жылжымайтын мүлік пен бағалы қағаздар жария етіліп, бюджетке 7,4 млн.тенге қаражат түсті. Сондай-ақ мүлікті жария ету науқаны шеңберінде 1 заңды тұлғадағы 19 млн. 700 мың тенге құрайтын үлесі жарияланды.

Үстіміздегі жылы жария ету заңнамаларына айтулы өзгерістер енгізіліп, мүлікті жария ету талаптарыда жеңілдетілгендіктен, жеке тұлғалармен 5 млрд 200 млн тенге ақша жария етілді.

Атырау облысының азаматтарын мемлекетіміздің беріп отырған мол мүмкіндігін жіберіп алмай, заңдастырылмаған мүліктері (ақашалары) болса жария ету науқанына атсалысып, мүліктерін (ақшалары) заңды айналымға енгізуге шақырамын. Бұл алдымыздағы тұрған (2017 жылдан бастап) кезеңімен өткізілетін мүліктерді жалпыға бірдей декларациялаудың процессі енгізілуіне байланысты, азаматтарға кейіннен қорықпастан, заңдастырылған мүліктерін декларациялауларына мүмкіндік береді. Себебі Қазақстан Республикасының шет елдермен жасасқан халықаралық шарттары, азаматтардың басқа елдегі мүліктері мен ақшаларының жағдайын, мекен жайын анықтауына мүмкіндігі болады.

Жылжымайтын мүлікті жария ету бойынша өтініштер қала және аудан әкімдіктерінде құрылған арнайы комиссия қабылдайды, ал, шет елдегі мүлікті және ақшаны жария ету өтініші мен декларацияны мемлекеттік кіріс департаменті қабылдайды.

Барлық жария етуге қатысты алынған ақпараттар құпия сақталатын болады, заңмен кепілдік береді.

Атырау облысы Қаржы
басқармасының басшысы
Бағытжан Мазғалиұлы Жылқыбаев


Мақаланың шыққан күні:: 24.08.2016 18:51
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 24.08.2016 18:51