Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
12.07.2020

Қызметтер

Қызылқоға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2018 жылдың І жарты жылдығына жүргізілген ішкі талдау туралы АНЫҚТАМА

«Бекітемін»

Аудандық мәдениет және тілдерді

дамыту бөлімінің басшысы

________ Е.Иғали « » _________ 2018 жыл

 

 

 

1. Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасаудың объектісі-«Қызылқоға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ.

2. Сыбайлас жемқорлық қауіптерінің ішкі талдауы.

Ішкі талдау жұмыстарын жүргізу барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын басшылыққа алып, Қызылқоға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының 2018 жылғы 18 маусымдағы №116 бұйрығымен бекітілген, бөлім қызметіндегі Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

3. Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді. Жұмыс тобының құрамы 4 адамнан тұрады.

Батихова Гүлнұр Жексенбайқызы- аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық, жұмылдыру дайындығы және төтенше жұмыстар жөніндегі бөлімінің бас маманы;

Құрманғазиева Гаухар Мәлікқызы - бөлімінің бас маманы;

Жексенғалиева Нұржамал Ашықбайқызы- бөлімінің кәсіподақ ұйымының төрайымы;

Жұмабаева Тойған Үсенқызы - бөлімінің заңгері;

4. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді.

1) Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;

2) Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша талдау объектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;

1) Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы бөлімнің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, НҚА басқа да құқықтық актілер қарастырды. Талдау нәтежиелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

2) Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша талдау объектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

Бөлім Қызылқоға ауданы әкімдігінің бөлімшесі болып табылып, дербес бөлім ретінде жергілікті атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын тиісті саланы дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жеткізуді қамтамасыз етеді.

Бөлімде мемлекеттік қызметкерлер саны - 2, (хатшы, тазалықшы, жүргізуші және есепші) барлығы 6 қызметкер жұмыс істейді.

2018 жылдың есепті мерзімінде бөлім бойынша 116 бұйрық шыққан. Мүдделер қақтығысы жоқ. Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.

Бөлімдегі мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына, аудан әкімі аппаратына есеп тапсырылуда. Сонымен бірге, бөлімде «Сенім телефоны» (2-18-57) жұмыс жасайды. Мекеме ғимаратына Call орталығының (1424) сенім телефоны жазылған жарнама парақшалары көрнекі жеріне ілінді.

Бөлімге 2018 жылдың 6 айы ішінде 482 кіріс хаттары келіп, 212 шығыс хаттары тіркелген. Барлық хаттарға мерзімінде жауаптар беріліп отырды. Сондай-ақ жеке тұлғалардан 6 ай ішінде 3 өтініш келіп түсіп, өтініштердің 2 қанағаттандырылып, 1-не түсініктер берілді. Бөлімде арыз-шағым жәшігі көрнекі жерге ілінген.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарының қатаң сақталуы үнемі бақыланып, қызметкерлер арасында жауапкершіліктері таныстырылып, телефонмен сөйлесу, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда, мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген басшылардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілерге жарияламау сияқты мемлекеттік қызметші имиджіне кері әсерін тигізетін әрекеттерден сақтандыру бағытында түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырады.

Бөлімнің дәлізінде ғимаратқа ұялы телефонмен келген қызметкерлерге арнайы телефондар сақтайтын жәшіктер қойылды.

Бюджет қаржысын игеру:

Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, Заңға сәйкес жылдық жоспар жасақталып, электрондық веп-порталда жарияланады. Барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жоспарға сай жүзеге асырылады.

Бөлімде негізгі қызметін жүргізу мақсатында есепті мерзімде 94 мемлекеттік сатып алу жұмысы Заңға сәйкес өткізілді.

Жыл сайын жергілікті баспа «Қызылқоға» газетіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы мақала жариялау үшін 31.05.2018 жылы «Қызылқоға» газетіне «Сыбайластықтың алдын алу-баршаның міндеті» тақырыбында мақала жолданса, облыстық «Атырау» газетіне 31.05.2018 жылы «Жемқорлықпен күрес мәдениетін қалыптастыруды ұлғайту қажет» атты мақала жолданды. Бірақ әлі күнге жарияланған жоқ.

Бөлімге қарасты МКҚК «Арман» мәдениет үйінде барлығы 36 қызметкер жұмыс жасайды. Есепті кезеңде 53 бұйрық шыққан. Мүдделер қақтығысы жоқ. Мәдениет үйінде (5-58-42) телефонында сенім телефоны жұмыс жасайды. Мекеме ғимаратына жедел желі (1424) сенім телефонының жарнамалық парақшалары көрнекі жерге ілінген. Есепті кезеңде мәдениет үйіне 118 кіріс хаттары келіп, 134 шығыс хаттары тіркелген. Барлық хаттарға мерзімінде жауаптар беріліп отырады. Арыз-шағым жәшігі көрнекі жерге ілінген. Жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.

Мәдениет үйіне бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, Заңға сәйкес жылдық жоспар жасақталып, электрондық веп-порталда жарияланады. Барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жоспарға сай жүзеге асырылады. Негізгі қызметті жүргізу мақсатында есепті мерзімде 54 мемлекеттік сатып алу жұмысы Заңға сәйкес өткізілді.

Қорытынды.

«Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жалғастыру;

2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру, БАҚ-на кеңінен ақпараттық насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру;

3) Қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету.

 

 

Анықтама жүргізген: Г.Батихова

Г.Құрманғазиева

Н.Жексенғалиева

Т.Жұмабаева

 


Мақаланың шыққан күні: 26.06.2018 01:59

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.06.2018 01:59

Қаралым саны: 1292