Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.05.2020

Қызметтер

Құлшығаев Есенғали Мақсотұлы

Кулшигаева Есенгали МаксотовичаАты-жөні, тегі: Құлшығаев Есенғали Мақсотұлы

Қызмет ететін мекеме атауы: «Индер аудандық білім бөлімінің оқушылар шығармашылық орталығы» КММ- нің директоры

Номинациясы: «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»

Қысқаша мінездеме: 1957 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары.

1975 –1978 жылдар аралығында Әскери Теңіз Флоты қатарында әскери міндетін атқарған.

1982 жылы Ақтөбе қаласындағы Индустриялды – педагогикалық техникумын бітіріп өндірістік оқу шебері және техник - механик мамандығын алып шыққан.

1982 жылы Индербор кентіндегі № 46 Кәсіптік - техникалық училищесінде өндірістік оқу шебері болып бастаған педагогикалық еңбек жолында арнайы пәндердің оқытушысы, оқу – ісі меңгерушісі, оқу шаруашылығы және өндірістік жұмыстардың меңгерушісі қызметтерін атқарған.

1990 жылы Гурьев педагогикалық институтын тарих мамандығы бойынша өндірістен қол үзбей жүріп оқып, бітірген.

1995 – 2000 жылдары Индер оқу - өндірістік комбинатының, 2000 - 2014 жылдары өндірістік оқу мектебінің директоры қызметін атқарған.

2014 жылдан бастап оқушылар шығармашылығы орталығының директоры қызметін атқарып келеді. Отбасылы.


Мақаланың шыққан күні: 13.07.2018 08:01

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.07.2018 14:44

Қаралым саны: 3291