Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кім үміткер бола алады

Қазақстан Республикасында баспана алуға кезекке қою үшін тиісті елді мекенде тұрақты тұру қажет (тұру мерзміне қарамастан).

Коммуналдық немесе мемлекеттік пәтерлер коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан мынадай тұлғаларға ұсынылады (әкімдіктер жалға алған пәтерлер, егер қорға кірсе):

1. Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларға;

2. Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 3,1 есе төмен отбасының әр мүшесіне баспана ұсыну туралы жүгінер алдында соңғы он екі ай үшін жиынтық орташа айлық табысы бар халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына. Ең төменгі күнкөрістің 3,1 есе мөлшерінің коэффициенті жетім-балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және мүгедек балаларға қолданылмайды;

3. мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік ұйым қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге, ғарышкерлікке үміткерлерге және мемлекеттік сайлау лауазымындағыларға;

4. Қазақстан Республикасы заңнамасына белгіленген тәртіпте жалғыз баспанасы апатты жағдайда деп танылған азаматтарға. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 69-бабына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж болып табыласыз, егер:

1. коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйді есепке қоюда және ұсыну сәтінде ҚР аумағында меншік құқығында тұрғын үй болмаса;

2. сіздің отбасыңыз тұрып жатқан баспана белгіленген санитариялық эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмесе;

3. біріккен оқшауланбаған тұрғын бөлмелерде екі және одан да артық отбасы тұрса;

4. сіздің отбасыңызда кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарымен ауыратын науқастар болса (ҚР Үкіметінде бекітілген аурулардың тізімі бойынша), онда бір бөлмеде (пәтерде) бірге тұру мүмкін емес.

Тұрғын үйге кезекке тұру үшін қайда бару керек және қандай құжаттар қажет?

Жергілікті атқарушы органға, яғни әкімдікке жүгіну арқылы құжаттардың толық пакетін ұсыну қажет. Қызметті алуда кезекке қою үшін құжаттарды беру кезінде уақытты үнемдеу үшін мемлекеттік қызметті онлайн алуға болады. Ол үшін қажетті құжаттарды тіркеу және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) сұранысына қол қою қажет.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын

үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" стандартына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі мыналар:

1) Мемлекеттік корпорацияға:

1. осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін тексеруіне келісімін көрсете отырып, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу туралы өтініш;

2. жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы талап етіледі);

3. республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемінде үш жыл тұрғанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (тек Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар қалаларда, астанада тұратын азаматтары үшін);

4. некеге тұру (бұзу) (2008 жылғы 1 маусымға дейін), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы (2007 жылғы 13 тамызға дейін), балалардың тууы туралы куәліктерді (2007 жылғы 13 тамызға дейін);

5. жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылса, азаматтар тиісті жергілікті атқарушы органның анықтамасын ұсынады;

халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын көрсетілетін қызметті алушылар (жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда) өтініш жасаған кезде:

өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы туралы мәліметтер қосымша ұсынылады;

мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаттарына жататын көрсетілетін қызметті алушылар өтініш жасаған кезде:

жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы қосымша ұсынады;

2) Электрондық үкіметтің веб-порталына:

1. көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрату;

2. республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемінде үш жыл тұрақты тұру фактісін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (тек Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар қалаларда, астанада тұратын азаматтары үшін);

3. некеге тұру (бұзу) (2008 жылғы 1 маусымға дейін), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы (2007 жылғы 13 тамызға дейін), балалардың тууы туралы куәліктің (2007 жылғы 13 тамызға дейін) электрондық көшірмесі;

4. жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылса, тиісті жергілікті атқарушы органның анықтамасының электрондық көшермесі ұсынылады;

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын көрсетілетін қызметті алушылар (жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда) өтініш жасаған кезде:

* өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы туралы анықтаманың электрондық көшермесі қосымша ұсынылады;

мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаттарына жататын көрсетілетін қызметті алушылар өтініш жасаған кезде:

* жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманың электрондық көшермесі қосымша ұсынылады;


Мақаланың шыққан күні: 19.02.2019 16:18

Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.02.2019 16:18

Қаралым саны: 621