Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.05.2020

Қызметтер

ЕАЭО шеңберінде техникалық реттеу мәселелері бойынша дөңгелек үстел

ЕАЭО шеңберінде техникалық реттеу мәселелері бойынша дөңгелек үстел2018 жылғы 13 шілдеде ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Атырау филиалымен бірігіп 2018 жылға мемлекеттік стандарттау жоспары бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерімен өзара байланысты 92 стандарттарды қарау бойынша, сондай-ақ 2015-2017 ж. ж. қабылданған ұлттық стандарттар туралы дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел отырысын өткізу мақсаты Атырау облысының кәсіпкерлерімен Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерімен өзара байланысты 92 стандарттарын таныстыру және талқылау болды.

Дөңгелек үстел отырысында теміржол көлігі, тоқыма, аяқ киім, өрт сөндірушілерге арналған жеке қорғану құралдарының, химиялық заттар жобалары мен ҚР СТ «Бояулар мен лактар. Қаптамалардың бұзылу дәрежесін бағалау. Ақаулардың санын және мөлшерін, сыртқы түрдегі біркелкі өзгерістің қарқындылығын белгілеу» жобасы, сүт өнімдері, буып-түю және орау және т.б. нормативтік құжаттар туралы түсініктемелер берілді.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша ешқандай ескертулер мен ұсыныстарсыз өзара байланысты стандарттар жобаларын қабылдау туралы шешім қабылданды.

ЕАЭО шеңберінде техникалық реттеу мәселелері бойынша дөңгелек үстел


Мақаланың шыққан күні: 19.07.2018 07:45

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.01.2019 08:06

Қаралым саны: 1056