Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

Аттракциондар мен балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіздік мәселелері бойынша дөңгелек үстел

Круглый стол по вопросам безопасности аттракционов и оборудований для детских игровых площадок2018 жылғы 7 қыркүйекте ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінде аттракциондар мен балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіздік мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс шараға Атырау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің өкілі, «КазИнСт» РМК АФ директоры Надежда Дю және Атырау облысының кәсіпкерлері қатысты. Департамент басшысы Салтанат Камешева «Аттракциондар қауіпсіздігі туралы» ЕЭО техникалық регламентінің негізгі талаптарымен таныстырды, техникалық регламент талаптарын сақтау - аттракцион иелерінің күнделікті аттракциондардың техникалық жағдайын тексеру қажеттілігін, оны жұмыс журналында көрсету, тек қана майлап, түзеп қою ғана емес, онымен қоса оларды реттеу және мамандандырылған дефектоскопиялық тексеру жүргізу, сонымен қатар алдын - алу шараларын тұрақты жүргізу қажеттілігін де қамтиды.

Күн тәртібіне сәйкес, «ҚазСтИн» РМК Атырау филиалының директоры Надежда Дю «Балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» ЕЭО техникалық регламентінің негізгі талаптарын түсіндірді.

Дөңгелек үстел барысында кәсіпкерлердің қойылған сұрақтарына толық жауаптар алынып, іс-шара соңында облыс кәсіпкерлері ұсынылған ақпарат үшін алғыстарын білдірді.


Мақаланың шыққан күні: 18.09.2018 07:36

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.12.2018 21:56

Қаралым саны: 1016