Array Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша дөңгелек үстел | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.04.2017

Қызметтер

Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша дөңгелек үстел

Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілдерімен бірлесіп 2016 жылдың 21 желтоқсанында «Әдеп жөніндегі уәкілдің 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын» орындау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас мамандары А.А.Сисенов, Ш.Ғ.Абилов, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері және оған бағынысты орталық қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстелді бас маман-заңгер С.Қ.Ликарова ашып, А.А.Сисеновке сөз берді. Өз сөзінде А.А.Сисенов мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сөз соңында сұрақтар қойылып, дәйекті жауаптарымен қорытындыланды.



Мақаланың шыққан күні:: 22.12.2016 16:10
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 22.12.2016 16:10