Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.06.2020

Қызметтер

«Ішкі нарықтағы жергілікті жеткізушілердің сапасы» индикаторы бойынша дөңгелек үстел

Круглый стол по разъяснению индикатора «Качество местных поставщиков на внутреннем рынке» в рамках улучшения ГИК ВЭФ 2018 жылғы 28 тамызда ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша Департаменті техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша Атырау облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында түсіндірме жұмысын өткізді. Осы іс – шараға Атырау облысындағы «Кәсіпкерлікті қолдау картасына» енгізілген кәсіпорындар, «КазИнСт» РМК АФ директоры және «ҰССО» АҚ АФ өкілдері қатысты.

Департамент басшысы Салтанат Камешева Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі аясындағы «Ішкі нарықтағы жергілікті жеткізушілердің сапасы» индикаторы бойынша көрсеткішін жақсарту негізінде, техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай – ақ күшіне енген ЕАЭС техникалық регламенттерініңталаптарын түсіндірді.

Өлшеу құралдарының түрін бекіту туралы кәсіпорынның сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Дөңгелек үстелдің соңында күрделі мәселелерді жазбаша түрде баяндау және оны уәкілетті органға жіберу туралы шешім қабылданды.

 

Круглый стол по разъяснению индикатора «Качество местных поставщиков на внутреннем рынке» в рамках улучшения ГИК ВЭФ


Мақаланың шыққан күні: 07.09.2018 02:23

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.12.2018 21:59

Қаралым саны: 952