Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

Атырау облысы кәсіпкерлік субъектілерін электрмен жабдықтау жүйесіне қосу рәсімдерін талқылау бойынша дөңгелек үстел

2020 жылдың 11 наурызында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі - Департамент) «Doing Business» және ДЭФ ЖБҚИ индикаторларын жақсарту мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Атырау облысының электр энергиясын жеткізу, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлік субъектілерін энергиямен жабдықтау жүйесіне қосылу тәртібін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел барысында, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу және электрмен жабдықтау сапасын арттыру тәртібін жеңілдету мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қабылдаған шаралары туралы есеппен Департамент басшысы Айтқазиев Жасұлан Молдабайұлы таныстырды. 

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша, Департамент арқылы электр энергиясын жеткізу желілеріне қосылу тәртібін және электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға бағытталған электр энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мақсаты негізіндегі өңір кәсіпкерлерінің бірқатар мәселелері түсіндірілді.

 

Департамент басшысы  Ж.М.Айтказиев


Мақаланың шыққан күні: 06.05.2020 15:51

Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.05.2020 15:51

Қаралым саны: 169