Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.09.2017

Қызметтер

Қиғаш ауылдық округінің қысқаша тарихы

Қиғаш ауылдық округі–Атырау облысы, Құрманғазы ауданының батыс бөлігінде, оңтүстік-шығысында Дыңғызыл ауылдық округімен, оңтүстігінде Қиғаш өзенін сағалап, батысында Ресей Федерациясының Астрахань облысы, Красный Яр ауданының Кіші арал, Байбек селоларымен шекаралас орналасқан.

11.12.1996 жылы Қиғаш селолық округі ашылып, 1997 жылғы 03 шілдедегі аудан әкімінің шешімімен Ақкөл селолық округіне қосылды. 2007 жылдың 01 тамыз айынан бастап қайтадан «Қиғаш селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылды.

Округке қарасты Қиғаш ауылы және Д.Нүрпейсова елді мекендері бар. Округтің жалпы жер көлемі 2549 гектарды құрайды. Халық саны 1197.

Округ аймағында 8 мекеме жұмыс жасайды. Олар – «Қиғаш» желілік өндірістік диспетчерлік стансасы, Қиғаш жалпы орта мектебі, «Айгөлек» балабақшасы, «Қазақстан теміржолы» акционерлік қоғамының мекемелері, «KMG Security» акционерлік қоғамы, Қиғаш ауылдық клубы және дәрігерлік амбулатория.

Д.Нүрпейсова елді мекенінде 7 көп пәтерлі үй, 18 жеке тұрғын үй, Қиғаш ауылында 127 тұрғын үй бар. Округтің халқы түгелдей жарықпен, таза сумен, табиғи газбен қамтамасыз етілген. Жергілікті тұрғындар мал ұстап, бау-бақша өсірумен айналысады.

Округ бойынша – 4 шаруа қожалығы, 9 жеке кәсіпкер жұмыс жасайды.


Мақаланың шыққан күні:: 30.03.2017 16:46
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 30.03.2017 16:46