Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
18.08.2017

Қызметтер

Бірлік ауылдық округі туралы қысқаша мәлімет

Бірлік ауылдық округі 1952 жылы құрылды. Округте екі елді мекен орналасқан. Олар Бірлік ауылы, Амангелді ауылы. Жалпы 437 үй бар, Бірлік ауылында 360 үй, 1887 тұрғын, Амангелді ауылында 78 үй, 455 тұрғын тұрады. Округ халқы екі ұлттан тұрады. Қазақтар 2248 адам, 95,9 %; Орыстар 94 адам, 4,1%;

Округке қарасты - 8 әкімшілік ғимараттар бар. Атап айтқанда:

С.Н.Имашев атындағы орта мектебі;

А.Иманов атындағы негізгі мектебі;

Утера дәрігерлік емханасы;

Амангелді фельдшерлік пункті;

Утера байланыс бөлімшесі;

«Утера» бала бақшасы;

«Қазақтелекомға» қарасты АТС;

«Каспий - Балық» өндірістік кооперативі

Ауыл тұрғындардың жұмыс жасау кәсібінің бір бөлігі – балық шаруашылығы. «Каспий - Балық» өндірістік кооперативі негізгі айналысатын кәсібі балық аулау, балық өңдеу

Қазіргі уақытта 4 шаруа қожалығы, 29 кәсіпкер, 1 тойхана, 7 дүкен, 1 сауда – саттық үйі, 1 шаштараз және компьютер орталығы жұмыс жасайды

Ауыл тұрғындарының тұрмыстық деңгейі зерделеніп отырылады. Округ бойынша ресми тіркелген жұмыссыздар саны 20. Кедейшілік деңгейі – 2,6%. Жұмыссыздықты азайту мақсатында ауыл тұрғындары ішінен тұрақты жұмыспен 3 адам алынды. Жастар тәжірибесі арқылы 5 адам жұмысқа орналасты.


Мақаланың шыққан күні:: 29.03.2017 16:32
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 29.03.2017 16:32