Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.10.2017

Қызметтер

«Атамекен» өлкетану-туристік жорығы

«Атамекен» өлкетану-туристік жорығы23-25 тамыз күндері мектеп оқушылары арасында «Атамекен» өлкетану-туристік жорығы өткізілді.

Жорықтың мақсаты: қосымша білім беру ұйымдары мен мектеп жанындағы туризм-өлкетану үйірмелерінің жұмыстарын жандандыру, өлкеміздегі тарихи-мәдени орындарға саяхат жасау арқылы оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту.

Бағдарламаға сәйкес өлкеміздің тарихи-мәдени орындары мен ескерткіштеріне, шаруашылық мекемелерге саяхаттары ұйымдастырылды: Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайына, Атырау мұнай газ университетінің жанындағы Жауынгерлік данқ мұражайына, облыстық Ғ.Сланов атындағы әмбебап кітапханасына, орта ғасырлық Ақтөбе Лаэти қалашығына. Сонымен қатар, оқушылар Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытына барып, өңірдің балық шаруашылығы туралы кеңінен мағлұмат алды.

Шараның екінші күні қатысушылар Исатай-Махамбет алаңында қазақтың ұлттық ойындары түрінен, өлкетану білімдерін анықтайтын танымдық сайыстарға түсті.

«Атамекен» өлкетану-туристік жорығы «Атамекен» өлкетану-туристік жорығы

Мақаланың шыққан күні:: 21.09.2017 06:08
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 21.09.2017 06:08