Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.04.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп - қатерлерінің бірі болып табылады. Сондықтанда оны болдырмау, алдын-алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Алайда, жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді дегенімізбен, жегі құртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары да уақыт өткен сайын көбейе түсуде.

Округ ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру үшін «Параға емес, биікке ұмтыл», «Пара берме, Пара алма», «Міндетіміз ортақ-жемқорлықсыз болашақ», «Пара беру бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады», «Парақорлық-балалардың арманын ұрлау», «Парасыз қоғам-Ұлт болашағы» атты жаднамалар ілінген және бұл жаднамалар ауыл тұрғындарына таратылып отырады.

Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі. Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам болып белсенділік танытып қарсы тұруымыз қажет!!!

 

Қара Арна ауылдық округі әкімі Е.Елеусинов


Мақаланың шыққан күні: 16.10.2018 09:05

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.10.2018 09:05

Қаралым саны: 894