Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.07.2020

Қызметтер

Жемқорлық – қоғамдық кесел

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселе. Онымен күрес қазіргі таңда мемлекет саясатындағы басым бағыттардың бірі.

Елбасымыздың бастамасымен шыққан ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алуға, анықтауға, олардың жолын кесуге және ашуға, зардаптарын жоюға бағытталған.

Жемқорлықпен күрес бүгінгі таңда мемлекеттік маңызы бар түйткілге айналып отыр. Сондықтан, тиісті заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып, оның деңгейін төмендету мақсатында көптеген шаралар атқарылып келеді.

Оның алдын алу аясында жыл сайын аудан әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жоспары бекітілді. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында семинарлар, дөңгелек үстелдер, брифингтер, ақпараттық түсіндіру іс-шаралары өткізіліп тұрады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз, себебі - бұны көп болып күрескенде ғана жеңуге болатынын есте сақтағанымыз жөн.

 

Г.Батихова

Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық,

жұмылдыру дайындығы және төтенше жұмыстар

жөніндегі бөлімінің бас маманы


Мақаланың шыққан күні: 15.05.2018 07:19

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.05.2018 07:19

Қаралым саны: 1249