Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.07.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық мемлекеттік органдар алдындағы басты міндеттің бірі болып отыр. Қылмыстың бұл түрінің қоғамымыздың барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Өкінішке қарай, ол білім беру, медицина сияқты ізгілікті діттеген салалардан бастап құқық қорғау органдарына дейін бой көрсетіп жүр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет шараларының ғылыми танымдары мен өзекті мәселелері Қазақстандағы қоғамдық қатынастарды реформалаудың барлық кешенді мәселелерімен тығыз байланыста. Сондықтан да қоғам бойындағы бұл кесапат кеселмен күреске мемлекетіміз айрықша мән беріп отыр. Мемлекет дамуының бағдарламалық құжаты – «Қазақстан - 2030». «Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің дамуының алдыңғы жоспары мен негізгі қағида бағыттары баяндалған. Осы жолдауда сыбайлас жемқорлықпен күрес біздің қоғам үшін маңызы зор екені де айта кеткен. Осы кесапаттың алдын алсақ қоғамымыз алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарынан көрінуіне көп септігі бар деп ойлаймын. Ендеше, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бәріміз бірігіп осы кеселдің алдын алуға ат салысайық.

 

Мақала авторы: Миялы ауылдық округінің әкімі

Иғали Ерболат Айдынғалиұлы


Мақаланың шыққан күні: 23.05.2019 17:31

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.05.2019 17:31

Қаралым саны: 764