Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.09.2020

Қызметтер

Театр өнерінің жас әртістер байқауы

Театр өнерінің жас әртістер байқауыХ.Доспанова атындағы №18 орта мектеп базасында өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуы, өз ойын білдіру, әлемді эстетикалық және бейнелі тану факторы ретінде балалар мен жастардың театр шығармашылығын қолдау және тұлғаны үйлесімді дамыту, өзін-өзі тануға, әлемді эстетикалық және бейнелі тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру және дамыту мақсатында «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің облыстық фестиваль-байқауы өтті.

Байқауға облыстық, Атырау қалалық және аудандардың, облыстық мектептердің балалар театр ұжымдары қатысты.

Байқаудың қорытындысы туралы қазылар алқасының шешіміне сай сахналық өнерімен ерекшелінген оқушылар төмендегі номинациялар бойынша Атырау облысы Білім беру басқармасының Дипломымен марапатталды:

- «Үздік сахналық костюм» – Индер ауданы Көктем орта мектебі;

- «Үздік әртістік бейне» - Ж.Ержанқызы – Атырау қаласы №31 мектеп-гимназия;

- «Үздік әйел адамның рөлі» - Ж.Болатова – Исатай ауданы Исатай орта мектебі;

- «Үздік ер адамның рөлі» - С.Мақсотов – Атырау қаласы №31 мектеп-гимназия;

- «Үздік екінші пландағы рөл» - Е.Таңжар – облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия;

- «Үздік орындаушылық шеберлік» - М.Мейіржан – Жылыой ауданы №4 орта мектептің «Тарлан» драма үйірмесі.

Үшінші орынға ие болып, сәйкесті дипломмен марапатталғандар:

- Индер ауданы Көктем орта мектебінің шығармашылық ұжымы;

- Жылыой ауданы №4 орта мектептің «Тарлан» драма үйірмесі;

- Исатай ауданы Исатай орта мектебінің шығармашылық ұжымы.

Екінші орын иегерлері:

- Атырау қаласы, №31 мектеп-гимназиясының шығармашылық ұжымы;

- Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның «Қаракөз» драма үйірмесі.

Ал жеңімпаз болып Құрманғазы ауданы Б.Бегалиев атындағы орта мектептің «Нұршуақ» жасөспірімдер драма үйірмесі атанып, республикалық жарысқа қатысуға жолдама алды.

Театр өнерінің жас әртістер байқауы Театр өнерінің жас әртістер байқауы Театр өнерінің жас әртістер байқауы

Мақаланың шыққан күні: 04.03.2019 10:15

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.03.2019 10:15

Қаралым саны: 1253