Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
19.10.2017

Қызметтер

«Отан деп соққан жүрегім!» тақырыбында сурет байқауы

«Отан деп соққан жүрегім!» тақырыбында сурет байқауы23 маусым - Атырау қаласы Қ.Смағұлов атындағы алаңында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Өмірге деген құштарлық сезім» облыстық акциясы өтті.

Акция бірнеше бағыт бойынша ұйымдастырылды: «Отан деп соққан жүрегім!» тақырыбында сурет байқауы, флешмобтар конкурсы, ұлттық ойын түрлері: ләңгі тебу, арқан тарту, асық ату сайыстары.

Балалардың шығармалары қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау, табиғатты аялау, туған өлкенің тарихы мен мәдениетін құрметтеу, т.б. тақырыптарды қамтыды.

Атырау қаласының оқушылары өздерінің белсенділігін танытты, ал аудандар арасында Жылыой және Мақат аудандарының қатысушылары ұлттық ойындарында шеберліктерін көрсетті.

 

«Отан деп соққан жүрегім!» тақырыбында сурет байқауы


Мақаланың шыққан күні:: 21.09.2017 05:49
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 21.09.2017 05:49