Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.07.2020

Қызметтер

Бос лауазымға конкурс

 «Атырау облысы Құрманғазы ауданның жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Құрманғазы ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет  көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры бос  лауазымдық орынға конкурс жариялайды.

«Атырау облысы Құрманғазы ауданның жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, индексі-060400, мекен-жайы - Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округі, Құрманғазы ауылы,  Болашақ көшесі 15 үй, анықтама үшін телефоны: 8(71233)2-52-76, 8(71233)5-53-07, e-mail: otd_zisp@mail.ru

 

1. «Атырау облысы Құрманғазы ауданның жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Құрманғазы ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет  көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 84769 теңгеден 99988 теңгеге дейін.

2. «Құрманғазы ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  директоры лауазымына біліктілік талабы:

Критериясы

 

Талаптар

Білімі бойынша талаптар

        Жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі): әлеуметтік, педагогикалық, медициналық, заң, экономикалық білім

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар

        Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және әлеуметтік қамсыздандыру және қызмет көрсету ұйымдарының қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін; әлеуметтік жұмыс теориясы мен ерекшеліктерін; заманауи психологиялық-педагогикалық ғылым мен тәжірибе жетістіктерін; социология, психология, педагогика, психопрофилактика, этика, геронтология негіздерін; тәрбие және әлеуметтік жұмыс әдістерін; медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жүргізу негіздерін; әлеуметтік жұмыстың негізгі әдістемелік қағидаттарын; шаруашылық-қаржы қызметін ұйымдастыруды; салық және бюджеттік заңнаманы; персоналды басқару теориясы және тәжірибесін; статистикалық және әдістемелік талдау әдістерін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормаларын.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар

        Жұмыс стажы әлеуметтік қорғау жүйесінде кемінде 3 жыл немесе экономикалық қызмет түріндегі ұйымның тиісті бейіні бойынша басшы лауазымдарында кемінде 5 жыл.

Функционалдық міндеттер

        Мекеменің өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық етеді, материалдық құндылықтарының сақталуына және тиімді жұмсалуына жауап береді. Ұйымды басқару құрылымын, штаттық кестені айқындайды. Ұйымның барлық бөлімшелерінің мүгедек балалармен, қарттар және мүгедектермен (бұдан әрі – қамқорлықтағылар) әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, мәдени қызмет көрсету, оқу-тәрбие жұмысын және өзара тиімді іс-әрекетін ұйымдастырады. Ұйымның қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады. Жұмыс сауықтыру, оқу профилактикалық жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді. Мекемеде тұратын, күтімге, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуге, әлеуметтік-еңбекпен бейімдеу және оңалтуға мұқтаж балалардың, қарттар мен мүгедектердің (жеке, мүліктік, тұрғын үй және басқа) заңды құқықтарын және мүдделерін қорғайды, оларға туыстық байланыстарын қолдау үшін жағдай жасау шараларын қабылдайды. Ондағы мұқтаж балаларды, қарттар мен мүгедектерді протездік-ортопедиялық, басқа да арнайы құралдармен қамтамасыз ету шараларын қабылдайды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастырады. Бөлінетін бюджет қаражаттарын, сондай-ақ қаржыландырудың басқа да көздерінен түсетін қаражаттарды оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етеді. Қамқорлықтағыларға қызмет көрсетуді жақсарту үшін бюджеттен тыс қаражатты тарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады. Іс жүзінде отандық және шетелдік әлеуметтік жұмыс тәжірибесін қолданады. Қамқорлықтағыларға әлеуметтік қызмет көрсету жұмысының жаңа нысандары мен әдістерін енгізеді, ұйымды заманауи техникалық оңалту және қамқорлықтағыларды күтім құралдарымен жарақтандыруды қамтамасыз етеді. Қоғамдастықпен байланысты жүзеге асырады, заңды өкілдермен (ата-аналармен, қамқоршылармен) жұмысты үйлестіреді. Кадрларды іріктеу, қабылдау және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық міндеттемелерін айқындайды. Кадрлардың біліктілігін арттыру, өмір сүру және денсаулыққа қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық атмосфераны ұстап отыру шараларын қабылдайды. Қызметкерлердің еңбек және өндіріс тәртібін күшейту, аттестаттау жұмысын жүргізеді. Ұйымның сотта, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда мүліктік және басқа да мүдделерін білдіреді және қорғайды. Қызметкерлерді еңбекке ынталандыруды, бастамалары және белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Гуманитарлық көмекті қабылдауды, сақталуын және қамқорлықтағылар арасында бөлуді қамтамасыз етеді. Шарттар жасайды, сенімхат береді, қажетті есеп беруді, статистикалық мәліметтердің сенімділігін қамтамасыз етеді. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың, санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуына, өртке қарсы нормалардың орындалуына жауап береді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу жөнінде мемлекеттік мекеме басшысының атына өтініш (еркін нысанда) ;

2) кандидаттың жеке басын куәландыратын төл құжатының көшірмесі;

3) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;

4) еңбек кітапшасының көшірмесі;

5) біліктілігін арттыру жөніндегі құжаттың көшірмесі (болған жағдайда).

Мемлекеттік мекемеде жұмыс жасайтын қызметкерлер де конкурсқа қатысуға жіберіледі;

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін  растайтын құжаттарды бере алады. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайы электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі күнтізбелік күнінен бастап 2 аптаның ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Атырау облысы Құрманғазы ауданның жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінде өтеді. Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарланады.


Мақаланың шыққан күні: 26.06.2018 02:53

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.06.2018 02:53

Қаралым саны: 1208