Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.07.2020

Қызметтер

Нақты жұмыс нәтиже береді

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Еліміз тәуелсіздік алған күндерден бастап әлемдік стандарттарға сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жүзеге асырылып келеді. Сыбайлас жемқорлықтың көріністерін жою мақсатында заңнамалық актілер қабылданды.

Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тиісті бұйрықтарына сәйкес, аудандық ветеринария бөлімінде жемқорлыққа тосқауыл қою мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенті бекітіліп, аудан бойынша 3 түрлі қағидаты енгізілді. Ай сайын бөлімде өткізілетін жиналыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде әңгімелер ұйымдастырылып, тұрақты түрде жұмыстар ұйымдастырылады. Бұл жұмыстардың барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берері сөзсіз.

 

Аудандық ветеринария бөлімінің басшысы: С.Латиев


Мақаланың шыққан күні: 29.05.2019 17:46

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.05.2019 17:46

Қаралым саны: 706