Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.07.2020

Қызметтер

«Қазақстан 2020: Болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы

Қазақстандықтар – жасампаз және жас ұлт: республиканың әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған жастар. Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға ықпалдасуымен байланысты, болашақтың негізі бүгін қаланады.

Жастар саясатының басымдықтары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Н.Ә. Назарбаев бастама жасаған «Қазақстан – 2050» стратегиясының түйінді мақсаттарының бірі болып табылады.

Бүгінде еліміз өзінің алдына әлеуметтік жаңғыру, үдемелі инновациялық индустрияландыру және экономикалық ықпалдасу бойынша жаңа ауқымды міндеттер қояды.

Бұл жағдайларда аға буынның жасампаз істерін жалғастыруға, ұлттық бәсекелестікке қабілеттіліктің деңгейін одан әрі жоғарылатуға, Қазақстанның XXI ғасырда гүлденуі мен әлемдік танылуын қамтамасыз етуге тиіс жастарға үлкен үміт пен жауапкершілік жүктеледі.

Мұндай миссия кәсіптік білімі, дені сау әрі адамгершілігі мол, бәсекеге қабілетті, патриот және әлеуметтік тұрғыдан жауапты жастардың ғана қолынан келеді. Осыған байланысты мемлекеттің басым міндеті мемлекеттік жастар саясатын уақыт талаптарына сай бейімдеу арқылы жастарды Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторына айналдыру.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жас ұрпақтың ойдағыдай әлеуметтенуі мемлекет назарында болды және қала береді.

2011 жылдан бастап «Қазақстан жас депутаттарының қауымдастығы», ал республиканың бүкіл өңірлерінде – жастар мәслихаттары жұмыс істейді. 2011 жылы «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдерге арналған жаңа ұйымдар пайда болды, олардың басым міндеті патриоттық тәрбиелеу болып табылады. Жастардың дәстүрлі құндылықтары – білім мен мансап білім беру жүйесінің еңбек нарығына айқын бейімделуді, анықталған қажеттіліктер мен технологиялық жаңалықтарды ескере отырып, білім беру мен кәсіптік даярлау жүйесінің экономикалық, әлеуметтік және кәсіпкерлік болмысқа сәйкестігін қамтамасыз етуді назарға ала отырып, қайта қаралуға тиіс. Жастар арасында ғылымның мәртебесін арттыру және оларды инновациялық жобаларды әзірлеуге тарту жастар саясатының негізгі бағыттарының біріне айналуы қажет.


Мақаланың шыққан күні: 14.05.2019 16:48

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.05.2019 16:48

Қаралым саны: 1336