Array Қазақстандық қамту | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.04.2017

D-3, D-4, D-5, D-O-2, D-O-3, D-O-4, D-O-5, E-1, E-2, E-R-1 санатындағы «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерін екінші деңгейдегі аттестаттау комиссиясында әңгімелесуден өткізу кестесі

Қызметтер

Қазақстандық қамту

2016 жылғы 6 айдағы жергілікті қамтуды дамыту туралы ақпарат

 

Жүйе құраушы кәсіпорындарда, жер қойнауын пайдаланушы және мемлекеттік органдарда тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті үлесті дамыту бойынша Атырау облысы әкімдігімен белсенді жұмыстар атқарылуда.

Жүйе құраушы кәсіпорындар

Бүгінгі күнге облыс әкімдігімен жергілікті қамтуды дамыту бойынша 4 жүйе құрушы кәсіпорындарға мониторинг жүргізіледі:

  1. «Атырау Жарық» АҚ

  2. «Атырау ЖЭО» АҚ

  3. Консорцум «ISKER»

  4. «Ge Logistics» ЖШС

Жүйе құрушы кәсіпорындардың жергілікті қамтудың үлесі 2016 жылдың 6 айында 93,1%, тауар бойынша-93,1%, жұмыс – 100% пен қызмет – 75,7%-ды құрайды.

 

Мемлекеттік сатып алу

Мемлекеттік сатып алу аясында 2016 жылдың 6 айында веб-портал арқылы жалпы сомасы 4888,1 млн.теңгеге келісім-шартқа қол қойылды, оның ішінде жергілікті қамту - 73,8%, одан тауарлар бойынша - 44,9%, жұмыстар – 98,1% және қызметтер – 80,4%-ды құрады.

 

Ұлттық компаниялар

2016 жылдың 6 айында «Самұрық – Қазына ҰӘҚ» АҚ-ң компаниясының топтары Атырау облысы бойынша жалпы сомасы 196,4 млрд. теңгені құрайтын келісімшартқа қол қойылды. Оның ішінде жергілікті қамтудың үлесі – 45,1%, тауарлар бойынша - 46,1%, жұмыстар – 34,3% және қызметтер – 84,0%-ды құрады.

 

Жерқойнауын пайдаланушылар

2016 жылдың 6 айында жерқойнауын пайдаланушылар Атырау облысы бойынша жалпы сомасы 1 495,1 млрд. теңге келісім шарт жасасқан. Оның ішінде жергілікті қамтудың үлесі – 39,1%, тауарлар бойынша - 10,9%, жұмыстар – 25,4% және қызметтер – 48,1%-ды құрады.

 


 

Қазақстандық қамту - кәсiпорындардың Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыруы кезiнде пайдаланылатын қазақстандық тауарлардың, қызметтердiң және еңбек ресурстарының құндық көрiнiстегi үлесiн бiлдiретiн Қазақстанның технологиялық және индустриялық-инновациялық даму деңгейiнiң көрсеткiшi.

Қазақстан экономикасының құрылымында өндiрушi өнеркәсiп үлесi жыл сайын өсiп келедi, бұл оның бiр жақты дамуына және Қазақстан экономикасының жалпы бәсекеге қабiлетiнiң төмендеуiне әкеледi.

Дегенмен, өндiрушi өнеркәсiп экономиканың басқа секторларына қатысты кәсiпорындардың өнiмi мен қызметтерiнiң тұтынушысы болып, осы арқылы макроэкономикалық тұрақтылықты, экономиканы жаңғыртуды және Қазақстан халқының әлеуметтiк әл-ауқатын қамтамасыз етуге ықпал ете алар едi.

Отандық өңдеушi өнеркәсiбiнiң iшкi нарықты отандық бәсекеге қабiлеттi өнiммен молықтыру әлеуетi бар, алайда бүгiнде өндiрiс көлемi және тиiсiнше импортталатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көлемiмен салыстырғанда отандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу аса көп емес.

Көптеген елдер осындай ахуалда болды және әлi де жалғасуда. Бұл елдердiң азғана бөлiгi айтарлықтай табыстарға қол жеткiздi, айтулы үлгiлер iшiнде: Ұлыбританияны, Бразилияны, Норвегияны атауға болады. Жергiлiктi қамтуды дамытудың халықаралық тәжiрибесiн талдау көрсетiп отырғандай, жергiлiктi қамтуды дамыту мәселесiндегi мемлекеттiк саясат негiзiнен мыналарға бағытталған:

  • Үкiметтiң, жергiлiктi өндiрушiлердiң, инвесторлардың бiрлескен жұмысын ұйымдастыру және компаниялардың жергiлiктi өнiм мен қызметтердi сатып алуына белсендi тарту;
  • нарық қажеттiлiктерiн бiрлесiп зерделеу, жер қойнауын пайдаланушылар мен сервистiк компаниялардың қажеттiлiктерiн талдау негiзiнде жергiлiктi өндiрiс пен инфрақұрылымды дамыту және экономиканың басқа салаларындағы жинақталған оң тәжiрибенi қолдану;
  • отандық өндiрiстi қолдау және iшкi нарықты қорғау бойынша жүйелiк шараларды әзiрлеу, жергiлiктi қамтуды ұлғайту мақсатында тараптардың уәждемесi;
  • жергiлiктi қамтуды дамыту бағдарламасының кезеңдерi бойынша нысаналы көрсеткiштердi айқындау және оларды тұрақты бақылау;
  • тауарлар мен қызметтердiң бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру;
  • бiлiм беру жүйесiнiң еңбек нарығының нақты қажеттiлiктерiне бағдарланған тиiмдiлiгiн арттыру.

Халықаралық тәжiрибе көрсетiп отырғандай, өтпелi кезең шеңберiнде экономиканың қалыптасу кезеңiнде (АҚШ, Бразилия, Норвегия және т.б.) шаруашылық қатынастарды тиiмдi мемлекеттiк реттеу оң экономикалық нәтижелер әкелуi мүмкiн, бұл ретте мемлекеттiк саясат тек тұтынушыларға ықпал ету шараларымен шектелiп қоймай, сонымен қатар отандық өнеркәсiптiң өндiрiстiк әлеуетiн дамытуды қамтамасыз етуi тиiс.


Мақаланың шыққан күні:: 24.06.2016 11:51
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.09.2016 16:33