Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.05.2020

Қызметтер

Қоғамдық бақылау картасы!!!

Карты общественного контроля !!!Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда назар алдын алу мен профилактикаға ауысқаны барлығымызға белгілі.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен "Қоғамдық бақылаудыӊ картасы" жобасы жасақталды.

Жобаныӊ мәні мен түсінігі өте қарапайым:

"Мысалға, егер ауыл аймақтарда жол жөндеу сапасыз жүргізіліп жатса немесе су құбыры жұмыс жасамаса, иә болмаса басқа да сұрақтар туындап жатса, кез келген адам агенттікке ақпарат жолдай алады, тиісінше ол ақпарат жедел түрде қарастырылады.

Жобаныӊ жүзеге асырылуы үш түрлі форматта жүргізіледі:

Бірінші - қоғамдық бақылау картасы, танымал әлеуметтік желілер, колл-орталықтардыӊ негізінде құрылған;

Екінші - қоғамдық бақылау картасы, азаматтарға арналған Qamqor мобильді қосымшасы арқылы қамтамасыз етіледі;

Үшінші - қоғамдық бақылау картасы, аймақтық арнайы мониторингтік топтардыӊ желісі негізінде құрылған.

Бірінші формат бойынша, қоғамдық бақылау картасын құрудыӊ қарапайым және еӊ оӊай тәсілі әлеуметтік желі немесе телефон байланысыныӊ қолданылуы.

Бүгінгі таӊда, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Атырау облысы бойынша департаменті Facebook, Instagram, VK сынды әлеуметті желілердегі арнайы парақшалармен қамтылған, сондай-ақ Ватцап және Телеграмм мессенджерлері арқылы хабарласуға болатын арнайы телефон нөмірі бөлінген.

Жалпы, бұл форматтыӊ артықшылығы азаматтар үшін ыӊғайлы болуында. Оларға қандай да бір қосымшаны жүктеудіӊ қажеті жоқ. Күнделікті қолданыстағы әлеуметтік желілерді пайдаланып, немесе қоӊырау шалса жеткілікті. Сонымен қатар, азаматтар сурет жіберіп қана қоймай, бейнематериалдарды да жолдай алады.

Келіп түскен өтініштер міндетті түрде қаралып, әлеуметтік желідегі парақшаға өтініш берушіге жауап беріледі.

"Қоғамдық бақылау картасы" жобасыныӊ жүзеге асырылуыныӊ келесі форматы - азаматтарға арналған "Qamqor" мобильді қосымшасын енгізу.

Мобильді қосымша Бас прокуратураныӊ Арнайы есепке алу және статистика комитетініӊ бір топ қызметкерлерімен әзірленді.

«Qamqor» мобильді қосымшасын «App Store» және «Google Play Market» арқылы жүктей аласыз. Жүйеге тіркелу үшін жеке сәйкестендіру және құжат нөмірін теріп, құпия сөзді жазасыз. Одан кейін шағымды жазып, оған оқиға орнындағы суретті немесе бейнежазбаны енгізуге болады. Бұдан соң, арызды арнайы мемлекеттік мекемеге жібересіз. Заңға сәйкес сіздің сұрағыңызға 15 күн ішінде жауап келеді. Мамандардың бұл қосымша арқылы

мекемеге қағаз жүзінде келіп түсетін арыздардың саны азайып, қызметтің қолжетімділігі арта түседі.

Үшіншіден, қоғамдық бақылау картасын арнайы аймақтық мониторингтік топтыӊ желісі арқылы жүзеге асырылуы ұсынылады. Аймақтық арнайы мониторингтік топтар Атырау облысыныӊ барлық қала және аудандарында құрылған. Аталмыш топтар құрамына қоғам өкілдері - аймақ бойынша белсенді және танымал адамдар кіреді.

Онымен қоса, қала және аудан бойынша мониторингтік топтар жетекшілерініӊ байланыс мәліметтері, телефон нөмірлері, электронды мекен-жайлары қоғамдық бақылау картасына енгізіледі.

Мониторингтік топтардыӊ кез-келген мүшесі тікелей немесе мониторингтік топ жетекшісі арқылы туындаған мәселелер, төртінші деӊгейлі бюджетті игеру жайлы ақпарат жолдай алады.

Қайта құрылған мониторингтік топтардыӊ желісі арқылы ұсынылып отырған форматтағы қоғамдық бақылау жобасы, еӊ алдымен, олардыӊ аймақтар мен ауылдардағы рөлін арттырады.

 

Мақат ауданы әкімі аппаратының

мемлекеттік-құқықтық бөлімі

Карты общественного контроля !!!


Мақаланың шыққан күні: 25.01.2019 16:27

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.02.2019 23:37

Қаралым саны: 1098