Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.07.2020

Қызметтер

Каримов Марат Хазипович

Каримов Марат ХазиповичФ.И.О : Каримов Марат Хазипович - цех бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары.

Предприятие: Атырау облысы, Атырау мұнай өңдеу зауыты;

Номинация:  Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері

Каримов Марат Хазипович, цех бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары. Зауытта жасаған жылдар ішінде ол табысты енгізілген көптеген өнертапқыш ұсыныстарын енгізді, бірнеше мәрте зауыттағы өнертапқыштар сайысының жеңімпазы болды.

Оның керемет қасиеттері – ол өзіне көмек сұрап келген адамды мұқият тыңдап алады және оған көмектеседі. Адамдарды қамқорлау ол үшін бірінші орында. Карим М. өнертапқыш және сондықтан үнемі ақылды ұсыныстарды қолдайды және оларды өндіріске енгізеді. Көптеген жас,жаңадан бастаған мамандарға өздерін іс жүзінде көрсетуге, шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік береді.

Бүкіл еңбек өтілі ішінде өзін сауатты және жауапты маман, өз ісінің кәсіпқойы ретінде көрсете білді. Алдына қойылған мақсаттарды, өзіне жүктелген міндеттерді табысты орындайды. Өзіне және өз ұжымының мүшелеріне қатаң. Өндірістік бағдарламаның орындалуын ұйымдастыра алады және еңбек тәртібінің бұзылуына жол бермейді. Жас жұмысшыларды оқытумен айналысады, үнемі қазіргі заманғы технологиялардың озық әдістерін игеруде және жаңа техниканы енгізу мен игеру жөніндегі жоғары экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізуде өзіндік үлесін қосады.Әрқашан әріптестеріне үлгі болып келеді.

Өндірістің қоғамдық өміріне белсенді қатысады және барлық қатысушыларды қолдайды. Ұжымда адалдығы, ықыластығы және тәртіптілігі үшін тиісті бедел мен құрметке ие. Көмекке мұқтаж болғандардың барлығына әрдайым көмектесуге дайын. Мінсіз еңбегі үшін, өз міндеттеріне адал ниетпен қарағаны үшін, зауыттың, цехтың өміріне белсенді қатысқаны үшін – Марат Хазипович грамоталармен марапатталды, Құрмет Кітабына және Құрмет тақтасына енгізілді. Зауыт ардагері, Байырғы қызметкер атағын иеленді, Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапатталды

Презентация (PPT 148551 Kb)


Мақаланың шыққан күні: 12.07.2018 05:18

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.07.2018 16:30

Қаралым саны: 2560