Array №2 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.04.2017

D-3, D-4, D-5, D-O-2, D-O-3, D-O-4, D-O-5, E-1, E-2, E-R-1 санатындағы «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерін екінші деңгейдегі аттестаттау комиссиясында әңгімелесуден өткізу кестесі

Қызметтер

№2 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты

Ли Людмила ВалентиновнаАтырау облыстық мәслихатының депутаттығына  №2 сайлау округі бойынша кандидат

Ли Людмила Валентиновнаның

ӨМІРБАЯНЫ

Ли Людмила Валентиновна 01.07.1958 жылы Ташкент қаласында дүниеге келген. Ұлты-кәріс. Білімі-жоғары.

1975 жылы Гурьев педагогикалық институтының тарих-филология факультетінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығына оқуға түсті.1979 жылы еңбек жолын Атырау қаласындағы Ғ.Мүсірепов атындағы №5 орта мектептен бастады.1981 жылы Ю.А.Гагарин атындағы № 1 орта мектепке директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалады.

1990 жылы - «Педагогикалық қоғамның» төрағасының орынбасары.

1995 жылы - облыстық мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтының педагогика және психология кабинетінің меңгерушісі.

2000 жылы - «ЭйЭлСиСи»оқу орталығының директоры.

2011 жылы -«Тхоньиль-Атырау» кәріс этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары.

2015 жылы - «Тхоньиль-Атырау» кәріс этномәдени бірлестігінің төрайымы.

Атырау облысының іскер әйелдер Ассоциациясының, Кәсіпкерлер және жұмыспен қамтушылар Одағының, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы жанындағы іскер әйелдер Одағыныңмүшесі. «Бірлік» алтын төсбелгісімен (2013ж.), «Отан» төсбелгісімен ДОСААФ (2015ж.), Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық төсбелгісімен (2015ж.), Қазақстан кәрістері Ассоциациясының мерейтойлық төсбелгісімен (2015ж.), Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, ҚКА алғыс хаттарымен, облыстық мәслихаттың, облыстық әкімшіліктің алғыс хаттарымен марапатталған. 2010 жылы облыстық «Жыл кәсіпкері» байқауының «Үздік кәсіпкер әйел» номинациясы бойынша «Жыл әйелі» деп танылды.

Тұрмыс құрған, 2 даласы бар.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 15:27
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.09.2016 17:06