Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
18.07.2018

Қызметтер

№12 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты

Депутат Атырауского областного маслихата по избирательному округу №12

Атырау облыстық мәслихатының депутаты

Түсіпқалиев Марат Бақтығалиұлының

ӨМІРБАЯНЫ

Түсіпқалиев Марат Бақтығалиұлы 1975 жылы 12 сәуірде Атырау облысы, Атырау қаласында дүниеге келген.

1992 жылы Атырау облысы, Құлсары қаласындағы №19 мектепті бітірген.

1992-1997 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясында «Экономист» мамандығы бойынша оқыған.

Сондай-ақ, 2007 жылы Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша бітіріп, 2016 жылы «ҚАЗМҚУ» АҚ Университетін тәмәмдап, Іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесін алған.

Алғашқы еңбек жолын 1998 жылы «Қазақойл» ҰМК Жобаларды басқару департаментінің сарапшысы болып бастаған.

2002-2003 жылдар аралығында «Қазмұнайгаз» ҰҚ ЖАҚ-ның Мұнай және газ өндіру департаментінің менеджері болып қызметін жалғастырған.

2003-2007 жылдары «Қазақтүрікмұнай» ЖШС Маркетинг және мұнай өнімдерін сату бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған.

2007-2008 жылдарда Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етті.

2008-2012 жылдың Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2012-2016 жылдар аралығында Бөрлі ауданының әкімі лауазымында болды.

2016-2017 жылдары «Altais Group» ЖШС Бас директордың орынбасары қызметін атқарды.

2017 жылдың 11 қыркүйегінен күні бүгінге дейін «Атырау» ӘКК»ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымында.

2013 жылдан «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Жанұялы, үш қыз бала тәрбиелеуде.


Мақаланың шыққан күні: 20.06.2016 15:10

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.06.2018 10:18

Қаралым саны: 34