Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.08.2020

Қызметтер

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Смағұлов Серік Мұраденұлы

ӨМІРБАЯН

Серік Смағұлов Мұраденұлы 1976 жылы 30 қыркүйекте Атырау облысында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі жоғары. 2002 жылы М.Оспанов атындағы Батыс-Қазақстандық медициналық Академиясының «Дәрігер» мамандығы бойынша және 2012 жылы Алматы қаласындағы Азаматтық авиация Академиясының «Экономика және әуе тасымалы кәсіпорындарын басқару» мамандығын бітірген.

1994 жылдың қаңтар - желтоқсан айларында Түрік Республикасының Анкара университетінің базасында түрік тілінің тілдік бағдарламасынан өткен.

1995-1996 жылдары «АТМА - Атырау Әуежайы және Тасымалдау» АҚ біріккен кәсіпорынында аудармашы қызметін атқарған.

2002-2003 жылдары хирургия бойынша алғашқы маманданудан өткен.

2003 жылы Атырау облыстық ауруханасында дәрігер-хирург болып қызмет атқарған.

2003-2008 жылдары «АТМА – Атырау Әуежайы және Тасымалдау» АҚ-да істерді басқарушы қызметін атқарған.

2008 жылдың тамызынан бастап «АТМА – Атырау Әуежайы және Тасымалдау» АҚ-да Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.

Ұсыну тәсілі: өзін-өзі ұсынған.

Отбасылы.


Мақаланың шыққан күні: 27.07.2020 19:20

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.07.2020 19:20

Қаралым саны: 173