Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.08.2020

Қызметтер

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Сейілханов Сағын Темірханұлы

ӨМІРБАЯН

Сейілханов Сағын Темірханұлы 1962 жылы 1 желтоқсанда Атырау облысында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі жоғары. 1991 жылы Алматы темір жол транспорт инженерлері институтын инженер-электрик мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1982 жылы Ақтау қаласындағы Каспий аймақтық тау-кен металлургия комбинатының Темір жол басқармасында электромонтер болып бастаған.

1987-1994 жылдары – Батыс Қазақстан темір жолы Гурьев темір жол бөлімшесі 9-шы сигнализация және байланыс дистанциясының СЦБ участкесінде аға электромеханик, өндірістік оқыту шебері.

1994-1995 жылдары Батыс Қазақстан темір жолының Атырау темір жол бөлімшесінде құжаттарды орындау және қадағалау аға инспекторы.

1995 – 1999 жылдары Батыс Қазақстан темір жолы Атырау темір жол бөлімшесі Құлсары сигнализация және байланыс дистанциясында дистанция бастығының орынбасары.

1999-2007 жылдары «Қазақстан темір жолы» РМК Ақжайық Бас сигнализация және байланыс дистанциясы Құлсары станция желі-өндірістік бөлімшесіннің бастығы.

2007-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Құлсары сигнализация және байланыс дистанциясы филиалының директоры қызметін атқарған.

2014 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Атырау магистральдық желі бөлімшесі филиалының бас инженері қызметін атқаруда.

Ұсыну тәсілі: өзін-өзі ұсынған.

Отбасылы.


Мақаланың шыққан күні: 27.07.2020 19:18

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.07.2020 19:18

Қаралым саны: 171