Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.08.2020

Қызметтер

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Лұқпанов Сағындық Есенғалиұлы

ӨМІРБАЯН

Лұқпанов Сағындық Есенғалиұлы 1960 жылы 5 қарашада Атырау облысында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі жоғары. 1983 жылы Гурьев темір жол көлігі техникумын «техник-электрик» мамандығы бойынша, 1996 жылы Алматы қаласы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясының жанындағы Нарық институтын «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын Маңғышлақ белгі беру және байланыс дистанциясында электромонтер мамандығы бойынша бастаған. 1983-1989 жылдары аталған дистанцияда электромеханик, аға инженер, өндірістік учаскесінің бастығы, дистанция бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

1991 жылы Гурьев белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы, 1999 жылы «Ақ Жайық Бас белгі беру және байланыс дистанциясының» директоры болып тағайындалған.

2002 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Атырау магистральдық желі бөлімшесі» филиалының директоры, 2007 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының бас инженері лауазымын атқарған.

2007-2010 жылдары «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ Атырау облысындағы өкілдігінің директоры, 2010 – 2012 жылдары «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып қызмет атқарған.

Атырау облыстық мәслихатының III, VI, V, VI шақырылымдарының депутаты болып сайланған.

2012-2017 жылдары Атырау облыстық мәслихатының V, VI шақырылымдарының мәслихат хатшысы лауазымында болған.

2017-2018 жылдары Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

2018 жылдың шілдесінен бастап «KPI Inc» ЖШС-ның басқарушы директоры қызметін атқаруда.

«Nur Otan» партиясының мүшесі. «Құрмет» орденімен марапатталған (2009ж).

Ұсыну тәсілі: облыстық мәслихатпен.

Отбасылы.


Мақаланың шыққан күні: 27.07.2020 19:17

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.07.2020 19:17

Қаралым саны: 194