Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.11.2017

Қызметтер

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Сейтжан Қапанұлы Балжігітов

ӨМІРБАЯНЫ

Балжігітов Сейтжан Қапанұлы 1976 жылғы 21 қазанда Атырау облысында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі жоғары. 2007 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетін зооинженер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Жылыой ауданы Ембі кеңшарында жылқышының көмекшісі болып бастаған.

1994-1995 жылдар аралығында Жылыой ауданы «Қазақстан» совхозында шопан көмекшісі, 1995-2006 жылдары Жылыой ауданы Шоқпартоғай ауылында «Достан Ата» шаруа қожалығында маман болып қызмет атқарды.

2006 жылдан бастап «Достан Ата» шаруа қожалығының жетекшісі болып қызмет атқарады.

VI шақырылған Жылыой аудандық мәслихатының депутаты.

Отбасылы, 5 баласы бар.


Мақаланың шыққан күні:: 14.06.2017 03:10
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 26.06.2017 05:06